https://sputnik.kz/20230301/tarazda-mugedek-qyzdy-turgyn-uy-komissiyasy-baspanasynan-ayyrgan-32575786.html
Таразда мүгедек қызды тұрғын үй комиссиясы баспанасынан айырған
Таразда мүгедек қызды тұрғын үй комиссиясы баспанасынан айырған
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 1 наурыз — Sputnik. Таразда 2-топтағы мүгедек қызды тұрғын үй комиссиясы баспанасынан заңсыз айырған, деп хабарлады қалалық прокуратура. 01.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-01T11:39+0500
2023-03-01T11:39+0500
2023-08-11T11:32+0500
прокуратура
https://sputnik.kz/img/07e6/02/17/23018302_0:0:1280:721_1920x0_80_0_0_615acd531200773b449bb25123bea106.jpg
АЛМАТЫ, 1 наурыз — Sputnik. Таразда 2-топтағы мүгедек қызды тұрғын үй комиссиясы баспанасынан заңсыз айырған, деп хабарлады қалалық прокуратура.29 жастағы Өтегенова есімді азамат 2-топтағы мүгедек. Өз әрекеті үшін жауап бере алмайтын қыз балалар үйінде тәрбиеленген. Қамқоршысы да жоқ.Ол депозитте жинаған 1 млн теңгесіне 2013 жылы жатақханадан бөлме сатып алады. Алайда Өтегенованы сатушы алдап, есігі жоқ, көгерген әрі жөндеу көрмеген пәтерді сатып жіберген. Амалы қалмаған қыз таныстарының үйін жағалап, солардың көмегімен 6 жыл дегенде жарамсыз бөлмені әрең сатқан.Ал Өтегенова ауруына байланысты құзыретті органдарға өз бетінше жүгіне алмаған.Оның ауыр жағдайы туралы прокуратура өндірістерді талдау барысында білген. Прокуратура органдары дереу қадағалау актілерін енгізіп, Өтегенованың тұрғын үй алуға конституциялық құқықтарын қалпына келтіруге кіріскен."Тараз қалалық сотының 28.01.2022 жылғы шешімімен қыз ауруына байланысты әрекетке қабілетсіз деп танылды және Тараз қаласы әкімдігінің 28.03.2022 жылғы қаулысымен оған қамқоршы тағайындалды. Жатақханадағы бөлмені сатып алу-сату мәмілелерін жасау кезеңінде ол өзінің іс-әрекеттерінің маңыздылығын және олардың салдарын түсіне алмағандығын ескере отырып, сотқа оларды жарамсыз деп тану туралы талап арыз берілді", - дейді ведомство.Нәтижесінде мүмкіндігі шектеулі қыз жаңа пәтеріне қайта оралды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/02/17/23018302_143:0:1280:853_1920x0_80_0_0_20fd79dcabdea1fe0e8ab092e0ec5f2b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
прокуратура
АЛМАТЫ, 1 наурыз — Sputnik. Таразда 2-топтағы мүгедек қызды тұрғын үй комиссиясы баспанасынан заңсыз айырған, деп хабарлады қалалық прокуратура.
29 жастағы Өтегенова есімді азамат 2-топтағы мүгедек. Өз әрекеті үшін жауап бере алмайтын қыз балалар үйінде тәрбиеленген. Қамқоршысы да жоқ.
Ол депозитте жинаған 1 млн теңгесіне 2013 жылы жатақханадан бөлме сатып алады. Алайда Өтегенованы сатушы алдап, есігі жоқ, көгерген әрі жөндеу көрмеген пәтерді сатып жіберген. Амалы қалмаған қыз таныстарының үйін жағалап, солардың көмегімен 6 жыл дегенде жарамсыз бөлмені әрең сатқан.
"Сол жылы Өтегенова жетім ретінде кезек тәртібімен мемлекеттен "Бәйтерек" шағын ауданынан 1 бөлмелі жаңа пәтер алған. Алайда оның жатақханада 1 бөлмелі пәтері бар деп, тұрғын үй комиссиясы жаңа құрылыстан пәтер беру туралы шешімді жойған, оны көшіру туралы атқарушылық іс жүргізген", - деп мәлімдеді прокуратура.
Ал Өтегенова ауруына байланысты құзыретті органдарға өз бетінше жүгіне алмаған.
Оның ауыр жағдайы туралы прокуратура өндірістерді талдау барысында білген. Прокуратура органдары дереу қадағалау актілерін енгізіп, Өтегенованың тұрғын үй алуға конституциялық құқықтарын қалпына келтіруге кіріскен.
"Тараз қалалық сотының 28.01.2022 жылғы шешімімен қыз ауруына байланысты әрекетке қабілетсіз деп танылды және Тараз қаласы әкімдігінің 28.03.2022 жылғы қаулысымен оған қамқоршы тағайындалды. Жатақханадағы бөлмені сатып алу-сату мәмілелерін жасау кезеңінде ол өзінің іс-әрекеттерінің маңыздылығын және олардың салдарын түсіне алмағандығын ескере отырып, сотқа оларды жарамсыз деп тану туралы талап арыз берілді", - дейді ведомство.
Нәтижесінде мүмкіндігі шектеулі қыз жаңа пәтеріне қайта оралды.