https://sputnik.kz/20230301/qazaqstanda-inflyatsiya-213-ga-zhetti-32588097.html
Қазақстанда инфляция 21,3%-ға жетті
Қазақстанда инфляция 21,3%-ға жетті
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 1 наурыз – Sputnik. Ақпан айының қорытындысы бойынша Қазақстандағы жылдық инфляция 21,3% құрады, деп хабарлады сәрсенбіде республиканың ұлттық... 01.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-01T14:37+0500
2023-03-01T14:37+0500
2023-08-10T17:15+0500
инфляция
азық-түлік
https://sputnik.kz/img/07e6/09/1a/27945957_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_3dadcd9d95fe50d29abb4179309852b7.jpg
АСТАНА, 1 наурыз – Sputnik. Ақпан айының қорытындысы бойынша Қазақстандағы жылдық инфляция 21,3% құрады, деп хабарлады сәрсенбіде республиканың ұлттық статистика бюросы."Инфляция ақпанда 21,3% құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 26,2%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасы 20,5%-ға, ақылы қызметтердің бағасы 15%-ға өсті", - деп мәлімдеді бюро.Қаңтарда инфляция бір жылда 20,7%-ға дейін өсті.Қандай өнімдер қымбаттады?Көкөністің құны айтарлықтай өсті, ақпан айында пияз 28,5%-ға, қызанақ 17%, қырыққабат 10,9%, қияр 9,8%, қызылша 5,4%, тәтті бұрыш 4,7%-ға қымбаттады.Сондай-ақ күріш 4,4%-ға, балық 3,6%, консервіленген сүт 2,8%, кесілген нан, шоколадпен жылтыратылмаған кәмпиттер 2%, айран 2,5%, тұздалмаған сары май 1,8%, пастерленген сүт 1,6%-ға бағасы көтерілді.Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасы өсті ме?Ақпан айында азық-түлікке жатпайтын тауарлардың ішінде тұрмыстық жуғыш заттар мен тазартқыштардың бағасы едәуір көтерілген. Өткен аймен салыстырғанда кір сабынның бағасы 2,8%, кір жуғыш ұнтақ, ыдыс жууға арналған құралдар 2,5%, ағартқыштар 2,4% өскен. Дәретхана қағазының өзі 2,1% қымбаттаған.Баллондағы сұйытылған газ 1,6%-ға қымбаттады.2022 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстандағы инфляция 20,3% құрады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/09/1a/27945957_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_5732372330525e382a2c5f66796badfe.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
инфляция, азық-түлік
АСТАНА, 1 наурыз – Sputnik. Ақпан айының қорытындысы бойынша Қазақстандағы жылдық инфляция 21,3% құрады, деп хабарлады сәрсенбіде республиканың ұлттық статистика бюросы.
"Инфляция ақпанда 21,3% құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 26,2%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасы 20,5%-ға, ақылы қызметтердің бағасы 15%-ға өсті", - деп мәлімдеді бюро.
Қаңтарда инфляция бір жылда 20,7%-ға дейін өсті.
Қандай өнімдер қымбаттады?
Көкөністің құны айтарлықтай өсті, ақпан айында пияз 28,5%-ға, қызанақ 17%, қырыққабат 10,9%, қияр 9,8%, қызылша 5,4%, тәтті бұрыш 4,7%-ға қымбаттады.
Сондай-ақ күріш 4,4%-ға, балық 3,6%, консервіленген сүт 2,8%, кесілген нан, шоколадпен жылтыратылмаған кәмпиттер 2%, айран 2,5%, тұздалмаған сары май 1,8%, пастерленген сүт 1,6%-ға бағасы көтерілді.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасы өсті ме?
Ақпан айында азық-түлікке жатпайтын тауарлардың ішінде тұрмыстық жуғыш заттар мен тазартқыштардың бағасы едәуір көтерілген. Өткен аймен салыстырғанда кір сабынның бағасы 2,8%, кір жуғыш ұнтақ, ыдыс жууға арналған құралдар 2,5%, ағартқыштар 2,4% өскен. Дәретхана қағазының өзі 2,1% қымбаттаған.
Баллондағы сұйытылған газ 1,6%-ға қымбаттады.
2022 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстандағы инфляция 20,3% құрады.