Қар аралас жаңбыр, жел: синоптиктер 2 наурыздағы ауа райын болжады

© Sputnik / Владимир Семенюк / Медиабанкке өтуДождь со снегом, архивное фото
Дождь со снегом, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.03.2023
Жазылу
АСТАНА, 1 наурыз - Sputnik. Қазгидромет 2 наурызда болатын ауа райына болжам жасады.
Синоптиктердің болжманыша, атлантикалық циклон жырасының әсерінен елдің басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, көктайғақ күтіледі.
Еліміздің солтүстігінде, шығысында, орталығында – жаяу бұрқасын күтіледі. Тек республиканың оңтүстік-шығысында атмосфералық жоғары қысым аумағында болғандықтан жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады.
Қазақстан бойынша желдің күшеюі, еліміздің батысында, оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында тұман күтіледі.
Жаңалықтар
0