https://sputnik.kz/20230301/kredittik-kanikul-algan-sarbazdardyn-sany-zhariyalandy-32597664.html
Кредиттік каникул алған сарбаздардың саны жарияланды
Кредиттік каникул алған сарбаздардың саны жарияланды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 1 наурыз – Sputnik. Қорғаныс министрлігі әскерге баруына байланысты кредитті төлеу мерзімін кейінге шегерген сарбаздардың санын жариялады, деп... 01.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-01T17:25+0500
2023-03-01T17:25+0500
2023-03-01T17:25+0500
сарбаздар
кредит
https://sputnik.kz/img/205/17/2051700_0:270:5184:3186_1920x0_80_0_0_42188f0202a0dbc603e056bf65610d31.jpg
АСТАНА, 1 наурыз – Sputnik. Қорғаныс министрлігі әскерге баруына байланысты кредитті төлеу мерзімін кейінге шегерген сарбаздардың санын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиевтің айтуынша, бүгінде мерзімді әскери қызметке келген сарбаздар тұтынушылық кредиттер, микрозаймдар және тағы басқа қарыздар бойынша төлем жасауды кейінге шегере алады. Бұдан бөлек, биылдан бастап мерзімді әскери қызметін өтеген сарбаздар жоғары оқу орнына ҰБТ-сыз түсе алады. "Ондай мүмкіндік әскер қатарынан босатылғаннан кейін екі жыл сақталады. Бүгінде 41 жоғары оқу орнымен меморандум рәсімделді. Соның негізінде мерзімді әскери қымзетті атқарған сарбаздарға 3 грант бөлінді. Оған әскерде жоғарғы жетістіктерге жеткен жастар түсе алады", - деп атап көрсетті Ахмедиев.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/205/17/2051700_288:0:4896:3456_1920x0_80_0_0_d97f5fa114a7e7309d4b3c454f8feb71.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сарбаздар, кредит
Кредиттік каникул алған сарбаздардың саны жарияланды
АСТАНА, 1 наурыз – Sputnik. Қорғаныс министрлігі әскерге баруына байланысты кредитті төлеу мерзімін кейінге шегерген сарбаздардың санын жариялады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиевтің айтуынша, бүгінде мерзімді әскери қызметке келген сарбаздар тұтынушылық кредиттер, микрозаймдар және тағы басқа қарыздар бойынша төлем жасауды кейінге шегере алады.
"Жалпы, 13 ай беріледі. 12 ай – бұл әскери қызметтің мерзімі. Оған тағы бір ай қосылып отыр. Осы уақыт жұмысқа тұру үшін беріледі. Сөйтіп, кредитті ары қарай төлей беруге болады. Бүгінде 3,5 мың сарбаз осы мүмкіндікті пайдаланды. Осылайша, шамамен, 5 мың кредиттің төлемі тоқтатылды", - деді Ахмедиев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Бұдан бөлек, биылдан бастап мерзімді әскери қызметін өтеген сарбаздар жоғары оқу орнына ҰБТ-сыз түсе алады.
"Ондай мүмкіндік әскер қатарынан босатылғаннан кейін екі жыл сақталады. Бүгінде 41 жоғары оқу орнымен меморандум рәсімделді. Соның негізінде мерзімді әскери қымзетті атқарған сарбаздарға 3 грант бөлінді. Оған әскерде жоғарғы жетістіктерге жеткен жастар түсе алады", - деп атап көрсетті Ахмедиев.