Өңірлер

Көліктің жүксалғышынан тапқан: Алматыда ер адамды ұрлап әкетті – видео

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.03.2023
Жазылу
АСТАНА, 1 наурыз – Sputnik. Алматы полициясы адам ұрлау қылмысының жолын кесті, деп хабарлайды Polisia.kz.
Оқиға кеше кешке Алмалы ауданында болған.
Жедел басқару орталығының кезекшісінен бір адамды Chevrolet көлігіне күштеп отырғызып әкеткені туралы хабар түскен. Қалада "Құрықтау" жоспары жарияланды.
Тәртіп сақшылары көлікті Гоголь мен Пушкин көшелерінің қиылысында байқап қалып, ізіне түскен. Нәтижесінде екі экипаж автокөлікті Мақатаев пен Жетісу көшелерінің қиылысында тоқтатты. Салонда үш адам болған, олар ұсталды. Жүксалғыштан тағы бір ер адам табылған, ол осы көліктің иесі болып шықты.
Күдіктілер жедел-тергеу тобына тапсырылды. Олардың әрекетіне құқықтық баға беріледі.
Ұсталғандардың айтуынша, Chevrolet көлігінің иесі олардан ірі мөлшерде ақша алып, алдап кеткен. Осылайша күдіктілер одан қарызды қайтарып алмақ болған. Алайда жәбірленуші мұны жоққа шығарып отыр.
Қылмыстық істің басқа да мән-жайы Конституция нормалары мен ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етілмейді.
Жаңалықтар
0