Екібастұзда апатты жойғандар президент марапатына ие болды

© Photo : Пресс-служба акима Павлодарской областиЛиквидаторы аварии в Экибастузе получили награды от президента
Ликвидаторы аварии в Экибастузе получили награды от президента - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.03.2023
Жазылу
АСТАНА, 1 наурыз - Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Алғыс айту күні Екібастұздағы техногендік апат кезінде ерлік көрсеткендерді марапаттады.
Жөндеу бригадаларының 27 қызметкері мен еріктілер президенттің алғысына бөленді. "Ерен еңбегі үшін" медалімен 19 слесарь-жөндеуші, электр газбен дәнекерлеуші, сантехник марапатталды.
Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов мемлекет басшысының атынан қызметкерлерге көрсеткен ерлігі мен еңбегі үшін мемлекеттік наградалар табыс етті. Сондай-ақ облыс әкімі екібастұздықтарға қыстың қиын жағдайында көрсете білген төзімділігі мен шыдамдылығы үшін, еріктілерге, қайырымдылық жасаушыларға, қаладағы штаттан тыс жағдайды жоюға қатысқандардың барлығына алғысын білдірді.
"Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған "Зуев" жеке кәсіпкерлігінің сантехнигі Владимир Кузнецов төтенше жағдай туралы естігеннен кейін бірден әкімдікке ең қиын учаскеге жіберу туралы өтініш білдіргенін айтты.
"Төтенше жағдай болған алғашқы күннен бастап М. Жүсіп пен Сәтбаев көшелерінде жұмыс істедім, жағдайға қарай көмектестім. ТЖ кезінде көптеген тұрғындар жиналып, бірігіп еңбек етті. Бірлікпен атқарған жұмыс апатты жағдайға төтеп беруге көмектесті", - дейді Владимир Кузнецов.
Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылғы 27 қарашаға қараған түні Павлодар облысындағы Екібастұз ЖЭО-да қазандықтар істен шығып, 30 градустық аязда қала жылусыз қалды. 28 қарашада қалада төтенше жағдай режимі енгізілді.
Апатты жоюға Астана мен тағы үш қаланың мамандары тартылды. Апат фактісі бойынша ЖЭО-да қылмыстық іс қозғалды.
Жаңалықтар
0