Мәдениет

Димаштың Kieli Meken бейнебаяны Мексика метросында көрсетіліп жатыр

Димаш Кудайберген - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.03.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 1 наурыз - Sputnik. Мексика метросында Димаштың KIELI MEKEN әніне түсірілген бейнебаян көрсетіледі, деп хабарлайды Dimashnews.kz.
Видео 27 ақпан мен 5 наурыз аралығында сағат сайын көрсетіледі. Мексикандық жанкүйерлер акцияны Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырды. "Dimash Qudaibergen Méxicoficial" фан-клубының жанкүйерлері метро қасбетінде клиптің көрсетілуін екінші рет ұйымдастырып отыр.
© dimashnews сайтыМексика метросында Димаштың KIELI MEKEN әніне түсірілген бейнебаян көрсетіледі
Мексика метросында Димаштың KIELI MEKEN әніне түсірілген бейнебаян көрсетіледі - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.03.2023
Мексика метросында Димаштың KIELI MEKEN әніне түсірілген бейнебаян көрсетіледі
Метро қаланың негізгі көлік құралдарының бірі болғандықтан Димаштың өнерін 3 миллионға жуық адам көреді.
Жаңалықтар
0