https://sputnik.kz/20230301/burabay-turgyny-aqsha-bopsalaumen-aynalysqan--politsiya-32577651.html
Бурабай тұрғыны ақша бопсалаумен айналысқан – полиция
Бурабай тұрғыны ақша бопсалаумен айналысқан – полиция
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 1 наурыз — Sputnik. Ақмола облысының полицейлері бопсалаушыны қолға түсірді, деп хабарлады Polisia.kz. 01.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-01T13:40+0500
2023-03-01T13:40+0500
2023-03-01T13:40+0500
бопсалау
https://sputnik.kz/img/785/25/7852548_0:39:1198:713_1920x0_80_0_0_e1ed06b7e9a810da3c75545d88d9a33c.jpg
АЛМАТЫ, 1 наурыз — Sputnik. Ақмола облысының полицейлері бопсалаушыны қолға түсірді, деп хабарлады Polisia.kz.Бурабай ауданының 25 жастағы тұрғыны жастардан жүйелі түрде ақша бопсалаған. Бұрын сотты болған күдіктіні ұстау үшін полиция қызметкерлері арнайы жедел іздестіру іс-шараларын жүргізген."25 жастағы ақмолалық жәбірленушілерді мобильді қосымшалар арқылы "онлайн – несиелер" рәсімдеуге мәжбүрлеп, кейін ақшаны өзіне алған. Залал сомасы 250 мың теңгеден 1,4 млн теңгеге дейін болған. Щучинск қаласында және Көкшетауда осындай төрт факт болған. Жәбірленушілердің арасында облыс орталығының жеке кәсіпкері де бар, одан күдікті қоқан-лоқы көрсетіп, 1,4 млн теңге бопсалаған", - деп мәлімдеді ведомство.Қазіргі уақытта "Бопсалау" бабымен қылмыстық іс қозғалып, зардап шеккен басқа азаматтар анықталып жатыр. Күдікті қамауға алынды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/785/25/7852548_0:0:1068:800_1920x0_80_0_0_1e52e600e4c7518e3a92c7fa368c3655.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бопсалау
Бурабай тұрғыны ақша бопсалаумен айналысқан – полиция
АЛМАТЫ, 1 наурыз — Sputnik. Ақмола облысының полицейлері бопсалаушыны қолға түсірді, деп хабарлады
Polisia.kz. Бурабай ауданының 25 жастағы тұрғыны жастардан жүйелі түрде ақша бопсалаған. Бұрын сотты болған күдіктіні ұстау үшін полиция қызметкерлері арнайы жедел іздестіру іс-шараларын жүргізген.
"25 жастағы ақмолалық жәбірленушілерді мобильді қосымшалар арқылы "онлайн – несиелер" рәсімдеуге мәжбүрлеп, кейін ақшаны өзіне алған. Залал сомасы 250 мың теңгеден 1,4 млн теңгеге дейін болған. Щучинск қаласында және Көкшетауда осындай төрт факт болған. Жәбірленушілердің арасында облыс орталығының жеке кәсіпкері де бар, одан күдікті қоқан-лоқы көрсетіп, 1,4 млн теңге бопсалаған", - деп мәлімдеді ведомство.
Қазіргі уақытта "Бопсалау" бабымен қылмыстық іс қозғалып, зардап шеккен басқа азаматтар анықталып жатыр. Күдікті қамауға алынды.