https://sputnik.kz/20230301/balkonda-kauap-pisirgen-aqtaulyqtar-eki-birdey-ayyppul-arqalady-32599510.html
Балконда кәуап пісірген ақтаулықтар екі бірдей айыппұл арқалады
Балконда кәуап пісірген ақтаулықтар екі бірдей айыппұл арқалады
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 1 наурыз - Sputnik. Маңғыстау облысы Ақтау қаласының 32-ші шағын ауданындағы жаңа салынған тұрғын үйлердің бірінің балконында ер адамдар кәуап... 01.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-01T19:19+0500
2023-03-01T19:19+0500
2023-08-10T16:53+0500
айыппұл
кәуап
ақтау
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/15/15256087_0:151:3103:1896_1920x0_80_0_0_20585722e70cbb017749754884abb181.jpg
АЛМАТЫ, 1 наурыз - Sputnik. Маңғыстау облысы Ақтау қаласының 32-ші шағын ауданындағы жаңа салынған тұрғын үйлердің бірінің балконында ер адамдар кәуап пісірген, деп хабарлайды Lada.kz. Балконда пісірілген тәтті кәуаптың арты екі бірдей айыппұлды арқалауға әкеп соқты. Ақтаулық екі азаматтың үстінен әкімшілік іс қозғалды. Олар "қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру ережелерін бұзу, сондай-ақ инфрақұрылым объектілерін бұзу, қала мен елді мекендердің жасыл желектерін жою және зақымдау" бабымен әкімшілік жауапқа тартылды. Ал келесі айып - техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда, өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу немесе орындамау. "Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 410-бабы бойынша хаттама жасалды. Бұл бапты бұзған жеке тұлғаларға бес АЕК мөлшерінде жаза қолданылады", - деді Ақтау ТЖ басқармасының бас маманы, азаматтық қорғау аға лейтенанты Мақсат Шапхатов. Екі бірдей бап бойынша 25 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл тағайындалады. Еске сала кетейік, балконда тұрып кәуап пісірген екі ар адамның видеосы әлейметтік желіде тараған болатын.
ақтау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/15/15256087_186:0:2917:2048_1920x0_80_0_0_7a993c0e4065707e3ecf1484b9fd7b46.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
айыппұл, кәуап, ақтау
АЛМАТЫ, 1 наурыз - Sputnik. Маңғыстау облысы Ақтау қаласының 32-ші шағын ауданындағы жаңа салынған тұрғын үйлердің бірінің балконында ер адамдар кәуап пісірген, деп хабарлайды Lada.kz.
Балконда пісірілген тәтті кәуаптың арты екі бірдей айыппұлды арқалауға әкеп соқты. Ақтаулық екі азаматтың үстінен әкімшілік іс қозғалды. Олар "қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру ережелерін бұзу, сондай-ақ инфрақұрылым объектілерін бұзу, қала мен елді мекендердің жасыл желектерін жою және зақымдау" бабымен әкімшілік жауапқа тартылды.
Ал келесі айып - техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда, өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу немесе орындамау.
"Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 410-бабы бойынша хаттама жасалды. Бұл бапты бұзған жеке тұлғаларға бес АЕК мөлшерінде жаза қолданылады", - деді Ақтау ТЖ басқармасының бас маманы, азаматтық қорғау аға лейтенанты Мақсат Шапхатов.
Екі бірдей бап бойынша 25 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл тағайындалады.
Еске сала кетейік, балконда тұрып кәуап пісірген екі ар адамның видеосы әлейметтік желіде тараған болатын.