Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

"Бахмут бекінісі"

© Sputnik / Виктор Антонюк / Медиабанкке өтуБойцы группировки "Бахмут" ЧВК "Вагнер"
Бойцы группировки Бахмут ЧВК Вагнер - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.03.2023
Жазылу
Артемовскте украин әскері қоршауда қалды. Ресейлік күштер қалаға жан-жақтан шабуыл жасап жатыр, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
Көктем қарсаңында "Вагнер" жеке меншік әскери компаниясының шабуылдаушы жасақтары Артемовск – Парасковьевка, Берховка, Ягодное, Дубово-Васильевка, Ступки аумағын Украина Қарулы күштерінен азат етті. Украин жауынгерлерінің Артемовсктегі су бөгетін жарып жіберуі ресейлік шабуылға кедергі бола алмады. Украина Қарулы күштерінің қолбасшылығы "Бахмуттағы ауыр жағдай" және "үздіксіз шабуылдар" туралы жиі айтып жатыр. Ресей күштері артиллерияны, танктерді, жаппай оқ атуға арналған реаткивті жүйелерді және авиацияны белсенді түрде қолданып жатыр, ал украиналық бөлімшелер қару-жарақ пен оқ-дәріге мұқтаж.
"Украина Қарулы күштері 2022 жылдың тамызынан бері ондаған мың украин әскериі қаза тапқан "Бахмут бекінісінен" стратегиялық шегінуге дайындалып жатыр. Күн сайын Киев режимі мұнда 500-ге жуық солдаты мен офицерінен айырылып жатыр. Украинада Бахмут/Артемовск майдан шебіне аттанған жауынгерлерді "жанкештілер" деп атау қалыптасқан. Себебі мұнда екі апта ішінде мерт болу ықтималдылығы 95 процентті құрайды", - деп жазды Хроленко.
Бүгінде Артемовск маңында 24-ші жеке мезаникаландырылған бригада талқандалды. Президент Владимир Зеленский ақпанның басында Бахмут (Артемовскті) қалдырмайтынын мәлімдеген. Бірақ Украина Қарулы күштерінің мобилизацияланған резервтері шексіз емес екені байқалып тұр.
НАТО-ның мінсіз әскери-экономикалық әлеуеті туралы аңыз жоққа шығарылды. Одақтас отыз мемлекет пен альянсқа ерген жиырмаға жуық штаттан тыс мемлекет жүз миллиард доллар мен еуроға қару-жарақ түрінде қолдау көрсеткенімен, Украинадағы әскери іс-қимылдардың барысын өзгертуге ықпал ете алмады.
Украина Қарулы күштерінің жағында Польша, АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Румыния сынды 60-қа жуық елден келген жалдамалы жауынгерлер соғысып жатқаны белгілі. Бір жылдың ішінде үш мыңға жуық шетелдік "ееріктінің" көзі жойылды және дәл осы көлемдегі әскерилер елдеріне оралды.
Артемовск айналасындағы қоршау шеңбері тарылып барады. Тіпті Киевтің өзінде "Бахмут бекінісі" гарнизонының жағдайы қиын болып жатқанын мойындады. Украина Қарулы күштерінің бас қолбасшысы Валерий Залужный Зеленскийге Ресей әскері Богдановка мен Хромовоны басып алғаннан кейін украиндер қоршауда қалатынын хабарлады. Донецк халық республикасындағылар Украинаның жаңа қорғаныс шебін құру үшін батыс қаруларын Часов Ярға бағыттап жатқанын мәлімдеді.
Бұл ретте ресейлік күштер Краматорск, Славянск және Угледардағы Украина Қарулы күштерінің нысандарына күшті артиллериялық соққылар беріп жатыр. Ресей әскері Авдеевкадан солтүстікке қарай қарсы тараптың қорғаныс шебін бұзып өтіп, Красногоровкаға жетті. Бұл бағыт Авдеевск бекініс аймағындағы Украина Қарулы күштерінің тылына солтүстік-батыстан кіруге мүмкіндік береді.
"Ресей күштері Украина Қарулы күштерінің қорғанысын шабуылдау бөлімшелерінің озық тактикасымен бұзып жатыр. Батыс сарапшыларының пікірінше, бұл бөлімшелердің қатарында алты Т-72 танкі, он екі жаяу әскер машинасы, жылжымалы танкке қарсы зымыран кешендері, минометтер, гранатометтер және сүйретілетін артиллерия бар", - деп жазды ресейлік әскери сарапшы.
Күні кеше Донецк халық республикасының басшысы Ян Гагин Польша жіберген төрт Leopard 2A4 танкісі Артемовскіге жөнелтілгенін хабарлады. Алайда поляк жалдамалы жауынгерлері мінген бұл танктердің бірі басып алынғаны туралы ақпарат пайда болды.
Германия "Барыстарды" (Украинаға қайта экспорттауға рұқсат) жеткізуді мақұлдаған соң, Еуропада танктер жеткіліксіз, олар тым ескі және соғысуға жарамсыз болып шықты. Пентагон бір мезгілде: "Әлем Украинаны қатты қолдайды" және "Украинаның өзі оған жеткізілген қарудың ақысын төлеуі керек" деп мәлімдейді. Соңғысы объективті түрде мүмкін емес. Британдық Challenger 2 танктерінің ынтасыз жеткізілуінде де кейбір шатасулар байқалады.Үмітсіз іске инвестиция салудың қажеті бар ма?
Ұлыбританиялық Daily Mail газеті жағдай қатты шиеленісіп, "Ресей Бахмутқа шабуылын күшейтіп, украиндерді берілуге ​​мәжбүрлеп" жатқанын жазды. Ал Washington Times "Вашингтонның Украина бойынша стратегиясы нәтиже бермей жатыр" деп мәлімдеді.
Сол сияқты америкалық The American Conservative журналы Украинаның кезекті Ауғанстанға айналғанын, НАТО мұнда да жеңіліске ұшырайтынын хабарлап, "Егер расында да Еуропа болашағына қауіп төніп тұрса, неліктен Берлин, Брюссель, Париж емес, Вашингтон қатты алаңдап отыр" деп сұрақ жолдады.
Хроленконың пікірінше, қақтығыс АҚШ-тың әртүрлі аймақтардағы елдерден біріктірілген ауқымды коалиция құруға қабілетсіздігін көрсетті. Сонымен қатар Еуропадағы америкалық одақтастар арасындағы күштердің тепе-теңдігін шайқалтты.
Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.
Жаңалықтар
0