https://sputnik.kz/20230301/ata-anasyna-renzhigen-8-zhasar-qyz-auyldan-pavlodarga-zhayau-shygyp-ketken-32574359.html
Ата-анасына ренжіген 8 жасар қыз ауылдан Павлодарға жаяу шығып кеткен
Ата-анасына ренжіген 8 жасар қыз ауылдан Павлодарға жаяу шығып кеткен
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 1 наурыз – Sputnik. Успенка ауылында ата-анасына ренжіп қалған 8 жасар қыз 90 шақырым шалғай жатқан Павлодар қаласына жаяу шығып кеткен. Оны жолда келе... 01.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-01T10:37+0500
2023-03-01T10:37+0500
2023-03-01T10:37+0500
павлодар облысы
https://sputnik.kz/img/430/64/4306420_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_e31b46ec841c098c0f4772e65b1557bf.jpg
АСТАНА, 1 наурыз – Sputnik. Успенка ауылында ата-анасына ренжіп қалған 8 жасар қыз 90 шақырым шалғай жатқан Павлодар қаласына жаяу шығып кеткен. Оны жолда келе жатқан полицейлер көріп қалған, деп хабарлады Sputnik Қазақстан Polisia.kz порталына сілтеме жасап.27 ақпан күні патрульдік экипаж кешкі сағат 21:20-да "Павлодар – Успенка" тас жолымен жаяу кетіп бара жатқан қызды байқаған. Оның жанында ешкім болмаған.Тәртіп сақшылары жылап жатқан қызды алдымен жұбатып, полиция бөліміне жеткізіп, жағдайдың мән-жайын анықтады. Сөйтсе, ата-анасы оның үй тапсырмасын тексеріп, үй жұмысын дұрыс орындамағаны үшін ескерту жасаған. Кішкентай қыз жылап қалған. Сол кезде анасы оған далаға шығып, таза ауамен дем алуға кеңес берген. Ата-анасына ренжіген қыз Павлодар қаласына бір-ақ тартқан.Ата-анасы оның үйден кетіп қалғанын полиция келген кезде ғана білген.Ата-анасыен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Сондай-ақ жиналған материал кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға жіберіледі. Мамандар қыздың ата-анасын әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесін қарайды.Айта кетері, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 127-бабы (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Ол үшін 10 АЕК (34 500 теңге) көлемінде айыппұл салынады.
павлодар облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/430/64/4306420_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_115217bbaf036981f243b51f66e391ab.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
павлодар облысы
Ата-анасына ренжіген 8 жасар қыз ауылдан Павлодарға жаяу шығып кеткен
АСТАНА, 1 наурыз – Sputnik. Успенка ауылында ата-анасына ренжіп қалған 8 жасар қыз 90 шақырым шалғай жатқан Павлодар қаласына жаяу шығып кеткен. Оны жолда келе жатқан полицейлер көріп қалған, деп хабарлады
Sputnik Қазақстан Polisia.kz порталына
сілтеме жасап.
27 ақпан күні патрульдік экипаж кешкі сағат 21:20-да "Павлодар – Успенка" тас жолымен жаяу кетіп бара жатқан қызды байқаған. Оның жанында ешкім болмаған.
Тәртіп сақшылары жылап жатқан қызды алдымен жұбатып, полиция бөліміне жеткізіп, жағдайдың мән-жайын анықтады. Сөйтсе, ата-анасы оның үй тапсырмасын тексеріп, үй жұмысын дұрыс орындамағаны үшін ескерту жасаған. Кішкентай қыз жылап қалған. Сол кезде анасы оған далаға шығып, таза ауамен дем алуға кеңес берген. Ата-анасына ренжіген қыз Павлодар қаласына бір-ақ тартқан.
Ата-анасы оның үйден кетіп қалғанын полиция келген кезде ғана білген.
Ата-анасыен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Сондай-ақ жиналған материал кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға жіберіледі. Мамандар қыздың ата-анасын әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесін қарайды.
Айта кетері, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 127-бабы (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Ол үшін 10 АЕК (34 500 теңге) көлемінде айыппұл салынады.