Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Әскери сарапшы: АҚШ Украинада химиялық қару-жарақ қолдануы мүмкін

© Sputnik / Илья Питалев / Медиабанкке өтуСВО
СВО - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.03.2023
Жазылу
Украинадағы әскери іс-қимыл театрында Украина Қарулы күштері мен НАТО жеңілісінің жақындауы америкалықтарды ресейлік арнайы әскери операция барысын өзгерту үшін кез келген қадамға баруға итермелеп отыр. Олар тіпті Донбаста жаппай қырып-жою қаруын қолдануы ықтимал, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
Вашингтон Ресейге қарсы химиялық агрессия көрсету қатаң әрі бұлтартпас қарсы жауапқа алып келетінін мойындамай отыр. РФ қорғаныс министрлігі Пентагон мен НАТО-ға іс-әрекетіне қарай кепілдендірілген жауап қайтарылатынын еске салды.
28 ақпанда Ресей Қарулы күштерінің радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс әскерінің басшысы Игорь Кириллов Украинаға бірнеше вагон улы заттың, соның ішінде АҚШ-та жасалған "Би-Зет" химиялық қаруы, сондай-ақ жеке қорғаныс құралдарының үлкен партиясы жеткізілгенін хабарлады. Арнайы операция аймағында украин армиясының көмегімен жаппай қырып-жою қаруын (ЖҚҚ) қолдану және бұл қылмыс үшін жауапкершілікті Ресейге жүктеу Вашингтонның мақсаты болып отыр.
АҚШ-тың Мәскеудегі бұрынғы елшісі Джон Салливан 22 ақпанда мынандай мәлімдеме жасады: "Ресейлік әскерлер арнайы әскери операция аймағында химиялық қару қолдануды жоспарлап отыр".
Сонымен қатар, "Би-Зет" Вьетнам соғысы кезінде кеңінен қолданылған АҚШ армиясының табельді уландырушы заты болып табылады. Ол жедел психоз, бағыт-бағдардың бұзылуын, галлюцинация, есте сақтау қабілетінің нашарлауын тудырады. Вашингтон 1990 жылы "Би-Зет" қорының толық жойылғанын жариялады, бірақ фармацевтикалық өндіріс негізінде жылына ондаған тоннаға дейін синтездеу мүмкіндігін сақтап қалды.
"БҰҰ-ның Химиялық қаруға тыйым салу және оларды жою туралы конвенциясына сәйкес АҚШ бұл қорды 2023 жылдың 30 қыркүйегіне дейін толығымен жоюға міндеттеме алды. Ал енді оны украин жеріндегі майданда кәдеге жарату ұйғарылып отыр. Еуропа бұрын-соңды болмаған көлемдегі әскери апаттың алдында тұр", - деп жазды Хроленко.
Украина Қарулы күштерінің "химиялық" қарсы шабуылын ұйымдастыру үшін америкалықтар Киев режиміне 55 мыңнан астам жеке қорғаныс жинағын және иприт, люзит және көгерткіш қышқылы туындыларына (750 мың сауыт), зарин және зоман (600 мың ампула) сияқты фосфорорганикалық улы заттарға, құрысуға қарсы (3 миллион дәрі) антидоттарды жеткізді.
Вашингтон Украинаны химиялық эвтаназияға дайындап жатқандай әсер қалдырады. Олар арнайы операция аймағында жаппай қырып-жою қаруын қолданудың еуропалық одақтастар мен АҚШ халқы үшін ауыр зардаптарын елемей отыр.
Ресей Федерациясының қорғаныс министрлігі 2023 жылдың 10 ақпанында Украина Қарулы күштері уақытша басып алған Донбасс аумағына шетелдік мамандардың сүйемелдеуімен химиялық заттар тиелген пойыздың келгенінен хабардар. Краматорск металлургиялық зауытының аумағында Украина қауіпсіздік күштері қызметкерлері мен Украина Қарулы күштері қолбасшылығы өкілдерінің бақылауымен 16 герметикалық металл жәшік түсірілді және сегіз жәшікте химиялық қауіптілік белгісі және "Би-Зет" жазуы бар.
Дәл сол аумақта, Краматорскте 19 ақпанда НАТО-ның арнайы таңбалары бар 11 вагон шрапнель оқ-дәрісі түсірілді. Ресей қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, бұған дейін АҚШ-тың құрлықтағы әскерінің мүддесі үшін снарядтар "модернизацияланды", яғни олар улы сұйықтық "рецепттері" бар дайын зақымдаушы элементтермен жабдықталды.
Украина Қарулы күштеріне америкалық химиялық қару мен қорғаныс құралдарын бір мезгілде жеткізу Донбаста әскери психотроптық "Би-Зет" улы затын қолдануға белсенді дайындықты көрсетеді. Оны қолдануға тыйым салынғанымен, Пентагон әртүрлі штаттық оқ-дәрілерді қолдана отырып, соғыс жүргізу кезінде пайдалануға болатын химиялық заттардың ауқымын заңдастырды. Хроленконың пікірінше, жалпы АҚШ басқа елде химиялық қаруды қолдану арқылы әскери-саяси мақсаттарына қол жеткізгені белгілі.
"2017 жылы АҚШ-тың Сириядағы Шайрат авиабазасына зымыранмен шабуыл жасауына сылтау болған Сирия Араб Республикасында "Ақ дулығалыларды" заринді пайдаланды деген болжам әлі ұмытылған жоқ. 2018 жылы Сирияның Дума қаласында балалардың хлормен уланды деген дәлелсіз ақпарат Барз және Джамрайдағы зерттеу орталығының қиратылуына себеп болды", - деп жазды ресейлік әскери шолушы.
2003 жылы Пентагон мен НАТО-ның Иракқа басып кіруіне сылтау болып, ақыры 500 мыңнан астам Ирак азаматының өліміне әкеп соққан АҚШ Мемлекеттік хатшысы Колин Пауэлдің "кір жуғыш ұнтағы" бар пробирка да белгілі.
Ресей Федерациясының қорғаныс министрлігі украин армиясы мен батыстық серіктестерге арнайы әскери операция аймағында химиялық қару қолданғаны үшін сөзсіз жауап қайтарылатыны туралы ресми түрде ескертті.
Донбасста америкалық жаппай қырып-жою қаруын пайдалану жазасыз қалады деп сену ақымақтық, дейді Хроленко. Арнайы әскери операция аймағында орналасқан Ресей Федерациясы қорғаныс министрлігінің химиялық зертханалары қолданылатын химиялық заттың түрін және қай елде шығарылғанын сенімді анықтай алады.
Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.
Жаңалықтар
0