https://sputnik.kz/20230228/toqaev-munay-ondeu-zauyttary-32558225.html
Тоқаев мұнай өңдеу зауыттарының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуді тапсырды
Тоқаев мұнай өңдеу зауыттарының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуді тапсырды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 28 ақпан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда. 28.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-28T17:24+0500
2023-02-28T17:24+0500
2023-02-28T17:24+0500
қоғам
мұнай өңдеу зауыты
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e7/01/0d/31107254_0:0:3137:1765_1920x0_80_0_0_f8a9d9970642aad019ced5fe59a5b083.jpg
АСТАНА, 28 ақпан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.Мемлекет басшысына "ҚазМұнайГаз" ҰК" акционерлік қоғамының былтырғы өндірістік жұмыстарының негізгі қорытындысы туралы есеп беріліп, алдағы кезеңге арналған жоспары таныстырылды.Берілген мәліметке сәйкес компания көмірсутектерді өндіру, өңдеу және тасымалдау бойынша белгіленген көрсеткіштерге қол жеткізді. Биыл "ҚазМұнайГаз" 23 миллион тоннадан астам мұнай өндіруді жоспарлап отыр.Президентке Өзен кен орнын оңалту жөнінде де есеп берілді. Бұл жобаның экономикалық қана емес, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар.Бұдан бөлек, Мағзұм Мырзағалиев компанияның геологиялық қорларын ұлғайту перспективалары туралы баяндады. Оның айтуынша, бүгінде перспективті жаңа жобаларға инвестиция белсенді түрде тартылып жатыр.Мемлекет басшысына "жасыл жобаларды" дамыту жөнінде берген тапсырмасының орындалу барысы туралы мәлімет берілді."ҚазМұнайГаз" басшысы компанияның кәсіпорындары орналасқан өңірлерде халықты сапалы ауызсумен қамтамасыз етуге бағытталған жобалардың жүзеге асырылу барысы туралы айтты.Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев инвестициялық жобаларды іске асыруға қатысты бірқатар тапсырма берді. Сондай-ақ қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарының, әсіресе көктемгі егіс жұмыстары қарсаңында үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету қажеттігіне ерекше назар аударды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/01/0d/31107254_40:0:2771:2048_1920x0_80_0_0_948a2de4d307c8b4fb39c7bfdf1488dd.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мұнай өңдеу зауыты, қасым-жомарт тоқаев
мұнай өңдеу зауыты, қасым-жомарт тоқаев
АСТАНА, 28 ақпан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекет басшысына "ҚазМұнайГаз" ҰК" акционерлік қоғамының былтырғы өндірістік жұмыстарының негізгі қорытындысы туралы есеп беріліп, алдағы кезеңге арналған жоспары таныстырылды.
Берілген мәліметке сәйкес компания көмірсутектерді өндіру, өңдеу және тасымалдау бойынша белгіленген көрсеткіштерге қол жеткізді. Биыл "ҚазМұнайГаз" 23 миллион тоннадан астам мұнай өндіруді жоспарлап отыр.
Президентке Өзен кен орнын оңалту жөнінде де есеп берілді. Бұл жобаның экономикалық қана емес, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар.
Бұдан бөлек, Мағзұм Мырзағалиев компанияның геологиялық қорларын ұлғайту перспективалары туралы баяндады. Оның айтуынша, бүгінде перспективті жаңа жобаларға инвестиция белсенді түрде тартылып жатыр.
Мемлекет басшысына "жасыл жобаларды" дамыту жөнінде берген тапсырмасының орындалу барысы туралы мәлімет берілді.
"ҚазМұнайГаз" басшысы компанияның кәсіпорындары орналасқан өңірлерде халықты сапалы ауызсумен қамтамасыз етуге бағытталған жобалардың жүзеге асырылу барысы туралы айтты.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев инвестициялық жобаларды іске асыруға қатысты бірқатар тапсырма берді. Сондай-ақ қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарының, әсіресе көктемгі егіс жұмыстары қарсаңында үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету қажеттігіне ерекше назар аударды.