Ресей батыс санкцияларын сәтті айналып өтіп жатыр

© Sputnik / Максим Богодвид / Медиабанкке өтуРабота нефтяных станков - качалок
Работа нефтяных станков - качалок - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2023
Жазылу
Батыстағы жетекші БАҚ-та русофобиялық мақалалар жиіледі. Мысалы, The Wall Street Journal күні кеше Еуроодақ ресейлік шикі мұнай мен оның қайта өңделген өнімдеріне қатаң шектеу шараларын енгізгеннен кейін Ресей экономикасы құлдыраудың орнына дамып жатқанын жазды, деп хабарлайды РИА Новости.
Әртүрлі бейіндегі 20-дан астам әлемдік нарықты мұқият бақылайтын Kpler халықаралық аналитикалық компаниясы сарапшыларының пікірінше, ресейлік мұнай компаниялары Еуропадан ажырағаннан кейін тез арада жаңа тараптарға, атап айтқанда Солтүстік Африка елдеріне ауысты.
Еске салсақ, өткен жылдың желтоқсанында ЕО ресейлік шикі мұнайды сатып алуға тыйым салды. Ал биылғы ақпанда шекті бағамен қатар ресейлік мұнай өнімдерінің импортына да тыйым салынды. Ресейге қарсы тараптардың саясаткерлері Ресей экономикасы құлдырайтынын болжады.
Bruegel талдау агенттігінің мәліметі бойынша, 2021 жылы (соңғы жарияланған деректер) Ресейде 540 миллион тонна шикі мұнай өндірілген. Бұл әлемдік өндірістің 13 процентін құрады. 260 миллион тонна шикі мұнай экспортталды және бұл да әлемдік нарықтың 13 процентін құрады. 280 миллион тоннасы ел ішінде өңделсе, оның 130 миллион өнім бензин, мазут және май түрінде шетелге сатылды (нарықтың 11 проценті), ал қалған 150 миллионы елдің ішкі қажеттіліктерін өтеуге жіберілді.
"Бұрынғы экспорт схемасында Еуроодақ Ресей мұнайы мен мұнай өнімдерін жеткізудің шамамен 60 процентін қамтыды. Жоғарыдағы сандарды біле отырып жалпы көлемді есептеу қиын емес. Егер егжей-тегжейлі қарастыратын болсақ, танкерлер ЕО порттарына ай сайын орта есеппен 6,3 миллион тонна, ал мұнай құбырлары арқылы 3,2 миллион тонна жеткізген", - деп жазылған материалда.
Мақала авторының пікірінше, екінші негізгі сатып алушы Қытай болды. Оның импорт көрсеткіштері тиісінше 4,1 және 2,5 миллион тоннаны құрады. Шекті баға, кемелерді импорт және теңіз кемелерін сақтандыруға тыйым салғаннан кейін батыстық сарапшылар ресейлік сатушылар Қытайға, Үндістанға және басқа Азия елдеріне мұнайды үлкен жеңілдікпен сатудан басқа амалы қалмайды деп болжады.
Америкалық Bloomberg ресейлік мұнайға қарсы күрес нәтиже бермегенін және бұған тек ресейліктер ғана емес, сонымен бірге Вашингтонға қолдау көрсеткен серіктестер де себепші деп жазды. Басылым журналистері жан-жақты зерттеу жүргізіп, теңіз және мұхит кеңістігінде тасымалдау құжаттарын ауыстырып, ресейлік мұнайын бір танкерден екіншісіне құятын схема қолданылып жатыр деген қорытындыға келді. Әсіресе Грекия мен Солтүстік Американың жағалауларында осындай екі фабрика" тәулік бойы жұмыс істеп тұр және осының арқасында ресейлік мұнай дәстүрлі нарыққа кеңінен жолданып жатыр.
"Эмбаргоны бұзғандар ренжіген Еуропа ресейлік мұнайды, мазут пен бензинді импорттауды жалғастырып жатыр. Бұл үшін санкцияларда егер ресейлік мұнай кез келген пропорцияда басқа елдің қара алтынымен араластырылса, бұл заңбұзушылық болып саналмайтыны туралы жазылған", - дейді мақала авторы.
Жаңалықтар
0