https://sputnik.kz/20230228/bqo-da-apatqa-ushyragan-tikushaqtyn-tekhnikalyq-aqauy-bolmagan--ministr-32531532.html
БҚО-да апатқа ұшыраған тікұшақтың техникалық ақауы болмаған – министр
БҚО-да апатқа ұшыраған тікұшақтың техникалық ақауы болмаған – министр
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 28 ақпан – Sputnik. Батыс Қазақстанда апатқа ұшыраған тікұшақтың техникалық ақауы болған жоқ. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин... 28.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-28T12:18+0500
2023-02-28T12:18+0500
2023-02-28T12:18+0500
тікұшақ
https://sputnik.kz/img/07e7/02/17/32425101_0:122:1280:842_1920x0_80_0_0_97696038b543fb8fff6c3ea97bb8d0a9.jpg
АСТАНА, 28 ақпан – Sputnik. Батыс Қазақстанда апатқа ұшыраған тікұшақтың техникалық ақауы болған жоқ. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Оның айтуынша, қазір комиссия жұмысын жалғастыруда."Алдын ала мәлімет бойынша тікұшақтың техникалық ақауы болмаған, экипаж – кәсіби. Ұшқыштың ұшу уақыты 2 600 сағаттан асады, екінші ұшқышта – 4 мың сағатқа жуық. Сондықтан олардың кәсіби деңгейіне еш күмәндануға болмайды", - деді Ильин үкімет кулуарында.Министр тікұшақтың неден құлағаны комиссияның қорытындысынан кейін ғана белгілі болатынын айтты.Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаевтың айтуынша, кез келген тексеріс үш айдан алты айға дейін созылады.Еске салсақ, қайғылы оқиға 23 ақпан түсте болды. Батыс Қазақстан облысында "Қазавиақұтқарудың" Ми-8 АМТ тікұшағы құлады. Салдарынан экипаждың төрт мүшесі қаза тапты. Тағы екі адам – Қазавиақұтқару инженері мен "ҚазТрансОйл" АҚ желілік құбыржолшысы ауруханаға түсті. Тергеу басталды.Сонымен қатар тікұшақ апатынан кейін Қазақстанда Ми-8 типті әуе кемелерін пайдаланатын барлық әуе компаниясы тексеріледі.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/02/17/32425101_0:2:1280:962_1920x0_80_0_0_4b48a561fc530620fb9ab1042d673b71.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тікұшақ
БҚО-да апатқа ұшыраған тікұшақтың техникалық ақауы болмаған – министр
АСТАНА, 28 ақпан – Sputnik. Батыс Қазақстанда апатқа ұшыраған тікұшақтың техникалық ақауы болған жоқ. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, қазір комиссия жұмысын жалғастыруда.
"Алдын ала мәлімет бойынша тікұшақтың техникалық ақауы болмаған, экипаж – кәсіби. Ұшқыштың ұшу уақыты 2 600 сағаттан асады, екінші ұшқышта – 4 мың сағатқа жуық. Сондықтан олардың кәсіби деңгейіне еш күмәндануға болмайды", - деді Ильин үкімет кулуарында.
Министр тікұшақтың неден құлағаны комиссияның қорытындысынан кейін ғана белгілі болатынын айтты.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаевтың айтуынша, кез келген тексеріс үш айдан алты айға дейін созылады.
"Екі бағытта жұмыс істеп жатыр. Біріншісі – адамдардың қаза табуына байланысты ішкі істер министрлігі өз тарапынан қылмыстық іс қозғады. Ал біздің министрлік тарапынан соның себебін анықтау бойынша тиісті комиссия жұмыс істеп жатыр", - деді ол үкіметте журналистердің сұрағына жауап беріп.
Еске салсақ, қайғылы оқиға 23 ақпан түсте болды. Батыс Қазақстан облысында "Қазавиақұтқарудың" Ми-8 АМТ тікұшағы құлады. Салдарынан экипаждың төрт мүшесі қаза тапты. Тағы екі адам – Қазавиақұтқару инженері мен "ҚазТрансОйл" АҚ желілік құбыржолшысы ауруханаға түсті. Тергеу басталды.
Сонымен қатар тікұшақ апатынан кейін Қазақстанда Ми-8 типті әуе кемелерін пайдаланатын барлық әуе компаниясы тексеріледі.