https://sputnik.kz/20230228/aziya-balalary-khalyqaralyq-oyyndary-qazaqstan-qorzhynynda-2-zhulde-bar-32532075.html
"Азия балалары" халықаралық ойындары: Қазақстан қоржынында 2 жүлде бар
"Азия балалары" халықаралық ойындары: Қазақстан қоржынында 2 жүлде бар
АЛМАТЫ, 28 ақпан – Sputnik. Ресейдің Кемерево қаласында қысқы спорт түрлерінен ІІ "Азия балалары" ойындары өтіп жатыр. Кузбастағы қысқы спорт түрлерінен... 28.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-28T13:48+0600
2023-02-28T13:48+0600
2023-02-28T13:48+0600
азия ойындары
/html/head/meta[@name='og:title']/@content
/html/head/meta[@name='og:description']/@content
https://sputnik.kz/img/07e7/02/1c/32531715_0:86:1280:806_1920x0_80_0_0_0853112824a08bd2c671d2bbdd13cdbd.jpg
АЛМАТЫ, 28 ақпан – Sputnik. Ресейдің Кемерево қаласында қысқы спорт түрлерінен ІІ "Азия балалары" ойындары өтіп жатыр. Кузбастағы қысқы спорт түрлерінен Қазақстан құрамасының 2 спортшысы тұғыр биігіне көтерілді, деп хабарлады спортты дамыту дирекциясы.Шорт-тректен 1500 метрге қыздар арасындағы жарыста Малика Жолтабар қола алса, ұлдардан осы қашықтықта Мейіржан Төлеген күміс жүлдегер атанды.Айта кетері, қыздар арасында Нұрия Алпысбай 4-ші, Айсара Лабиб 5-орыннан көрінді. Бұл жерде Мәскеу құрамасының шорт-трекшісі Анастасия Баранова жеңіске жетсе, күміске Орал федералды округынан келген Ксения Прибятова ие болды.Ұлдар арасында (1500 м) Әліби Әлімгереев 5-ші, ал Ерасыл Шыңғысхан 6-шы болып мәре сызығын қиды. Мұнда алтын мен қола Мәскеу құрамасының спортшылары Андрей Петров пен Владимир Панферовтің еншісінде.Сондай-ақ 3 мың метрге аралас эстафета өтіп, Қазақстан құрамасы финалға дейін жетті. Алайда жүлдеге қол жеткізе алған жоқ.Қазір Қазақстан делегациясы жалпы есепте 1 күміс, 1 қоламен 3-орынға жайғасты. Ертең шорт-трекшілер 500 және 1000 метрде үздіктерді анықтайды. Сонымен қатар:
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/02/1c/32531715_46:0:1235:892_1920x0_80_0_0_719a19f44cb54330d6e6fe26959c47fb.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
азия ойындары
АЛМАТЫ, 28 ақпан – Sputnik. Ресейдің Кемерево қаласында қысқы спорт түрлерінен ІІ "Азия балалары" ойындары өтіп жатыр. Кузбастағы қысқы спорт түрлерінен Қазақстан құрамасының 2 спортшысы тұғыр биігіне көтерілді, деп хабарлады спортты дамыту дирекциясы.
Шорт-тректен 1500 метрге қыздар арасындағы жарыста Малика Жолтабар қола алса, ұлдардан осы қашықтықта Мейіржан Төлеген күміс жүлдегер атанды.
Айта кетері, қыздар арасында Нұрия Алпысбай 4-ші, Айсара Лабиб 5-орыннан көрінді. Бұл жерде Мәскеу құрамасының шорт-трекшісі Анастасия Баранова жеңіске жетсе, күміске Орал федералды округынан келген Ксения Прибятова ие болды.
Ұлдар арасында (1500 м) Әліби Әлімгереев 5-ші, ал Ерасыл Шыңғысхан 6-шы болып мәре сызығын қиды. Мұнда алтын мен қола Мәскеу құрамасының спортшылары Андрей Петров пен Владимир Панферовтің еншісінде.
Сондай-ақ 3 мың метрге аралас эстафета өтіп, Қазақстан құрамасы финалға дейін жетті. Алайда жүлдеге қол жеткізе алған жоқ.
Қазір Қазақстан делегациясы жалпы есепте 1 күміс, 1 қоламен 3-орынға жайғасты. Ертең шорт-трекшілер 500 және 1000 метрде үздіктерді анықтайды. Сонымен қатар:
шаңғымен тұғырдан секірушілер "Азия балалары" ойындарындағы алғашқы жүлде жиынытығын сарапқа салады;
хоккейден Ұлттық құрама Кузбасс аймағының командасымен ойнап, плей-офф жолдамасының иегерін анықтайды;
қыздар 5 шақырымға шаңғымен жарысады.