Өңірлер

"Ауылда ешқандай техника жоқ": су басқан Нұра ауылының әкімдігі мұңын шақты

© Sputnik / Айдана ДайыроваАлматы облысы Талғар ауданы Нұра ауылының тұрғындары қызыл судан зардап шегіп отыр
Алматы облысы Талғар ауданы Нұра ауылының тұрғындары қызыл судан зардап шегіп отыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 28 ақпан – Sputnik. Алматы облысы Талғар ауданы Нұра ауылының тұрғындары қызыл судан зардап шегіп отыр. Ал ауылдық әкімдікте бірде-бір техника жоқ, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
© Sputnik / Айдана ДайыроваНұра ауылының тұрғындары көктем болса, толарсақтан саз кешіп, қарыс-қадам жүре алмай қалады
Алматы облысы Талғар ауданы Нұра ауылының тұрғындары қызыл судан зардап шегіп отыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2023
Нұра ауылының тұрғындары көктем болса, толарсақтан саз кешіп, қарыс-қадам жүре алмай қалады
Нұра ауылының тұрғындары көктем болса болды толарсақтан саз кешіп, қарыс-қадам жүре алмай қалады. Бұл биыл ғана емес, бірнеше жылға созылған жыр. Үлкендер үйінен шықса кіре алмай, кірсе қайтып шыға алмайды. Ал бала біткен мектептен қалып, бір жасап қалады.
"Біз осында тұрғалы 12 жыл болды, 4 әкім ауысты. Біреуі бір шырпының басын сындырған жоқ. Жерді бергенде мақтап-мақтап сатты. Ал мына қалған жерге үй салайық десек бермейді. Ол ананың жері, мынаның жері, Мәкеңдікі, Сәкеңдікі деп жолатпайды", - дейді ауыл тұрғыны Темірхан Өміртаев.
© Sputnik / Айдана Дайырова"Төрт әкім ауысты. Біреуі бір шырпының басын сындырған жоқ"
Алматы облысы Талғар ауданы Нұра ауылының тұрғындары қызыл судан зардап шегіп отыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2023
"Төрт әкім ауысты. Біреуі бір шырпының басын сындырған жоқ"
Нұра ауылында 4 ауыл бар: Нұра, Тоғанбай, Қаратоған, Өстемір. Бір ғана Нұра ауылының өзінде бес ықшам аудан бар. Бес ықшам ауданның барлығында қызыл су халыққа жан таптырмай тұр. Ал бірнеше ықшам ауданы бар 4 ауылда бірде-бір техника жоқ.
"Еріген қар суымен алысқанымызға бес күн болды. Бізде техника жоқ, өзіміз жалдаймыз. Қазір осы жерге екі трактор жалдап әкелдік. Кеше Қаратоған ауылында, ал түннен таңға дейін Нұра ауылындағы тағы екі ықшам ауданында жұмыс істедік. Трактордың біреуін тек бір сағат жалдағанымыз үшін 18 мың теңге төлейміз", - дейді Нұра ауылдық округі әкімінің орынбасары Ақтолқын Мылтықбаева.
© Sputnik / Айдана ДайыроваБір тракторды бір сағатқа жалдау - 18 мың теңге
Алматы облысы Талғар ауданы Нұра ауылының тұрғындары қызыл судан зардап шегіп отыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2023
Бір тракторды бір сағатқа жалдау - 18 мың теңге
Ауылда электр жарығы жоқ. Түнде далаға шықпақ түгілі, кешке жүрудің өзі қорқынышты дейді, тұрғындар.
"Мына ескерткішті жасатқанымызға қай уақыт. Электр бағанасы деген аты ғана. Бала-шаға мектептен кеш қатынайды. Әрең жетеді үйге, түнде қап-қараңғы. Су басқан кезде түнде түртінектеп "фонарикпен" жүрсем, көршім "суды маған бұрдың" деп менен күдіктенеді, мен одан күдіктенемін. Бір-бірімізбен соғысып жүрміз", - дейді Темірхан Өміртаев
"Электр жарығы жиі өшеді. Жарық өшсе, су да өшеді. Балалар мектептен жиі қалады. Көлік мүлдем жүре алмайды. Әкімге хабарлассақ, телефонын мүлдем алмайды. Ақ болды, көк болды, жоқ болды. Судың бас жағын ғана жапты, ал мына халық батпақты кешкен күйі қаламыз. "Қатырамыз" деп жылда уәде береді. Жылдағы жыр осы. Бірнеше шақырым батпақты кешіп, одан екі темір жолдан жаяу өтіп, тасжолға әрең шығамыз", - дейді Жібек Тілеуханова.
© Sputnik / Айдана ДайыроваТүнде далаға шықпақ түгілі, кешке жүрудің өзі қорқынышты дейді, тұрғындар
Алматы облысы Талғар ауданы Нұра ауылының тұрғындары қызыл судан зардап шегіп отыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2023
Түнде далаға шықпақ түгілі, кешке жүрудің өзі қорқынышты дейді, тұрғындар
Батпаққа батқан Бәйдібек ауылында ауладағы көлік те жүре алмайды. Қоғамдық көлік туралы айтудың өзі артық.
"Техника жоқ мүлдем. Бәрі жалдамалы. Бюджеттен мұндай жағдайға ақша қарастырылмаған. Осындай жағдайлар болғанда төтенше жағдайларға ғана хабарласамыз. Олар келмейді. Өйткені бұдан да "басқа жерлерді қатты су алып жатыр, өз күштеріңмен амалдаңдар" дейді олар. Жердің беткі қабаты 40 сантиметр тоң боп қалған. Жердің тоңы кетсе, мына судың бәрі сіңіп кетеді деп жатыр ауыл ақсақалдары", - дейді ауылдық ЖКХ бөлімінің бас маманы Абылай Абыралинов.
© Sputnik / Айдана Дайырова"Әкімге хабарлассақ, телефонын мүлдем алмайды"
Алматы облысы Талғар ауданы Нұра ауылының тұрғындары қызыл судан зардап шегіп отыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2023
"Әкімге хабарлассақ, телефонын мүлдем алмайды"
Нұра ауылындағы жолдардың да шекесі қызып тұрған жоқ. Проблемалық учаске өте көп. Бір ғана Бәйдібек би ауылында мүлдем жол жоқ. Жоспар бойынша ауылдағы жол 12 шақырым болады. Сол 12 шақырым батпақты жолдың тек бір шақырымына ғана әрең ақша бөлінген.
"Қай жерге қанша жол жасайтынын автомобиль жолдары басқармасы шешеді. Бірнеше жыл бойы жүгіріп жүріп, бірінші рет бюджетке бір көшені кіргіздік. Оның өзі бір шақырым. Жауапсыз мердігерлер келіп жол төсейді. Бір күндік фирмаларды ашып, тендерді ұтып алады. Шала жасап кете береді", - дейді ауылдық ЖКХ бөлімінің бас маманы Абылай Абыралинов.
Ұзынағаш тұрғындары қызыл судан зардап шегіп отыр  - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.02.2023
Өңірлер
"Үйдің қабырғасы қақырап кетті": Ұзынағаш тұрғындары қызыл судан зардап шегіп отыр
Жаңалықтар
0