Саясат

Астанаға келген Блинкен АҚШ не нәрсеге алаңдайтынын айтты

© Sputnik / Абзал КалиевАҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен
АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2023
Жазылу
АСТАНА, 28 ақпан — Sputnik. Америка құрама штаттары Қытай мен Ресейдің "шексіз әріптестігіне" қатты алаңдайды. Бұл туралы Астанада өткен брифингте осы елдің мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін Орталық Азия елдері мен АҚШ сыртқы істер министрлерінің "С5+1" форматындағы кездесуден кейін Блинкен брифингке шықты.

"Бұған дейін президент Си мен президент Путин саммит өткізіп, екі елдің "шексіз әріптестігі" туралы айтқан. Біз қару-жарақты жеткізу ықтималдылығына қатты алаңдап отырмыз. Осы мәселе Ресейге қарсы санкцияларды кеңейтіп жатыр", - деді Блинкен.

Оның сөзіне қарағанда, АҚШ президенті мен Қытай басшысы арасындағы бірінші кездесуден кейін Байден оған ескерту жасаған. Қытай Ресейге қару-жарақ жеткізетін болса, екіжақты байланыста үлкен проблема туындайтынын айтқан.
"Мен бұл мәселені Қытайдың сыртқы істер министрімен болған кездесуде ғана емес, біздің әкімшіліктегі басқа әріптестерімізбен талқыладым. Бұның бәрі бізге түсіп жатқан ақпаратқа негізделіп отыр. Қытай қару-жарақ жеткізуді қарастырып жатыр деген мәлімет бар. Біз ондай қолдау жасалса, салдары қандай болатынын ескерттік", - деп атап көрсетті Блинкен.
Оның айтуынша, қару-жарақ жеткізетін компанияларға қатысты шаралар қолданылады.
Жаңалықтар
0