https://sputnik.kz/20230228/astanada-s51-formatyndagy-kezdesu-bastaldy-32550261.html
Астанада "С5+1" форматындағы кездесу басталды
Астанада "С5+1" форматындағы кездесу басталды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 28 ақпан — Sputnik. Астанада Орталық Азия және АҚШ-тың сыртқы істер министрлерінің "С5+1" форматындағы кездесуі басталды, деп хабарлайды Sputnik... 28.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-28T15:47+0500
2023-02-28T15:47+0500
2023-02-28T16:19+0500
саясат
астана
кездесу
https://sputnik.kz/img/07e7/02/1c/32549103_1:0:1919:1079_1920x0_80_0_0_e85bfd4253f0b4f2118608de450d25c4.jpg
АСТАНА, 28 ақпан — Sputnik. Астанада Орталық Азия және АҚШ-тың сыртқы істер министрлерінің "С5+1" форматындағы кездесуі басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Кездесуге Қазақстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Тәжікстан мен Өзбекстанның сыртқы істер министрлері, сондай-ақ, АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен қатысып жатыр. Жиынды ашқан сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қазақстанның "С5+1"форматын дамытуға мүдделі екенін ерекше атап өтті. "Мемлекеттік хатшы Блинкеннің Орталық Азиямен айналысып жатқанына және осы аймаққа алғашқы сапарын жасап отырғанына қуаныштымыз. Қазақстан көпвекторлы және теңгерімді сыртқы саясатын жалғастыра береді. Осы орайда Орталық Азия мен АҚШ біз үшін негізгі басымдық болып табылады. Біздің ортақ күш-жігеріміздің арқасында C5+1 маңызды құралға айналды. Ол біздің елдерімізді экономикалық және сауда байланыстарын күшейту және ортақ проблемаларды бұдан да тиімді шешу жолында біріктіреді", - деді Тілеуберді.Оның айтуынша, C5+1 климаттың өзгеруі, су ресурстарын тиімді басқару, жастарды ағылшын тіліне үйрету және техникалық қарым-қабілеттерді жетілдіру бойынша инвестицияларды тарту жағынан жақсы алаңға айналды. Бүгінде халық та осындай дипломатиялық алаңдардан нақты нәтиже күтіп отыр.Министр энергия саласындағы бағалардың жаһандық дағдарысы, азық-түлік бағалары, көші-қон, терроризммен күрес және тағы басқа өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу болатынына сенім білдірді.
https://sputnik.kz/20230228/toqaev-aqsh-prezidentine-salem-zholdady-32533711.html
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/02/1c/32549103_241:0:1680:1079_1920x0_80_0_0_689a09bc3a1f58184e60e26606867fe0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, кездесу
Астанада "С5+1" форматындағы кездесу басталды
15:47 28.02.2023 (жаңартылды: 16:19 28.02.2023) АСТАНА, 28 ақпан — Sputnik. Астанада Орталық Азия және АҚШ-тың сыртқы істер министрлерінің "С5+1" форматындағы кездесуі басталды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Кездесуге Қазақстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Тәжікстан мен Өзбекстанның сыртқы істер министрлері, сондай-ақ, АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен қатысып жатыр.
Жиынды ашқан сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қазақстанның "С5+1"форматын дамытуға мүдделі екенін ерекше атап өтті.
"Мемлекеттік хатшы Блинкеннің Орталық Азиямен айналысып жатқанына және осы аймаққа алғашқы сапарын жасап отырғанына қуаныштымыз. Қазақстан көпвекторлы және теңгерімді сыртқы саясатын жалғастыра береді. Осы орайда Орталық Азия мен АҚШ біз үшін негізгі басымдық болып табылады. Біздің ортақ күш-жігеріміздің арқасында C5+1 маңызды құралға айналды. Ол біздің елдерімізді экономикалық және сауда байланыстарын күшейту және ортақ проблемаларды бұдан да тиімді шешу жолында біріктіреді", - деді Тілеуберді.
Оның айтуынша, C5+1 климаттың өзгеруі, су ресурстарын тиімді басқару, жастарды ағылшын тіліне үйрету және техникалық қарым-қабілеттерді жетілдіру бойынша инвестицияларды тарту жағынан жақсы алаңға айналды. Бүгінде халық та осындай дипломатиялық алаңдардан нақты нәтиже күтіп отыр.
"Бізге жаңа баламалы сауда жолдарын дамыту маңызды. Себебі қазір тауар жеткізу тізбектерін қалпына келтіріп жатырмыз", - деп атап көрсетті Тілеуберді.
Министр энергия саласындағы бағалардың жаһандық дағдарысы, азық-түлік бағалары, көші-қон, терроризммен күрес және тағы басқа өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу болатынына сенім білдірді.