Саяси партиялар сайлау бюллетенінде қалай орналасады

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.02.2023
Жазылу
Сайлау бюллетеньдері бес түрлі түсте дайындалады
АСТАНА, 27 ақпан – Sputnik. Орталық сайлау комиссиясы алдағы мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауында сайлаушыларға таратылатын бюллетеньдердің 5 түрін көрсетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Осы жолғы парламент сайлауына 5 түрлі бюллетень әзірленеді. Олардың екеуі – мәжіліс депутаттарын, қалған үшеуі – мәслихат сайлауына арналған.
© СкриншотБюллетень
Бюллетень - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.02.2023
Бюллетень
Сондай-ақ бюллетеньдердің өлшемі де өзгереді: енді олар А5 форматта дайындалады.
"Егер біз әдеттегі А4-ті емес, А5 форматын пайдалансақ, тармақтар жеңіл оқылады. 7 тармақ – бұл саяси партиялардың атауы, 8-шісі – "Бәріне қарсымын" тармағы. Ал егер бірмандатты округтердің бюллетеньдерін алсақ, 16 кандидатқа дейін бланкінің өлшемі – 148*210, 16 кандидаттан көп болса, өлшемі 148*500 болады ", - деп түсіндірді Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров.
Айта кетері, 17 ақпанда жеребе өткізіліп, саяси партиялардың атаулары сайлау бюллетеніне қандай реттілікпен жазылатыны анықталған еді.
Жеребе нәтижесі мынадай:
Amanat партиясы
"Ауыл" партиясы
Respublika партиясы
Қазақстан халық партиясы
"Байтақ" жасылдар партиясы
"Ақ жол" партиясы
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы.
Сондай-ақ барлық бюллетеньде ең соңғы болып "Бәріне қарсымын" тармағы тұрады.

Сайлау бюллетеньдерінің түрлері

1. Партиялық тізім бойынша сайланатын Мәжіліс сайлауы: бюллетень түсі – көк, форматы – А5.
Бір пайыздық резервті қоса алғанда, 12 млн 152 мың 876 мың дана бюллетень дайындалады.
2. Бір мандатты округтер бойынша Мәжіліс сайлауы: бюллетень түсі – жасыл;
форматы: 16 кандидатқа дейін – А5, 16 кандидаттан астам – өлшемі 148*500.
Бюллетеньнің екінші жағында мемлекеттік тілдің әліпбилік тәртібімен тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген кандидаттар тізімі болады.
3. Партиялық тізім бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихат сайлауы:
бланкінің түсі – қызылкүрең, форматы – А5.
Саяси партиялар жеребеде айқындалған тәртіппен жазылады.
4. Бір мандатты округтер бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихат сайлауы:
бюллетень түсі – қызғылт сары;
форматы: 16 кандидатқа дейін А5, 16 кандидаттан астам – өлшемі 148*500.
5. Облыстық маңызы бар қалалар мен аудандардың мәслихат сайлауы: бланкінің түсі – сұр;
форматы: 16 кандидатқа дейін А5, 16 кандидаттан астам – өлшемі 148*500.
Жаңалықтар
0