Білім

Қазақстандық оқушылар Дүниежүзілік робототехника чемпионатына жолдама алды

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.02.2023
Жазылу
АСТАНА, 27 ақпан – Sputnik. Елуге жуық қазақстандық оқушы АҚШ-та өтетін Дүниежүзілік робототехника чемпионатына қатысады.
Астанада робототехникадан "Central Asia FIRST CHAMPIONSHIP – 2023" Орталық Азия ойындары өз мәресіне жетті.
Орталық Азия ойындарының қорытындысы бойынша АҚШ-тың Хьюстон қаласында өтетін FIRST дүниежүзілік чемпионатында ел намысын 50-ге жуық оқушы қорғайды. Бұлар жеңімпаз атанған 4 команданың мүшелері. Сондай-ақ тағы 9 команда Австралия, Марокко, АҚШ, Үндістанда өтетін халықаралық ашық чемпионаттарға жолдама алды.
"Үш күнге созылған сайыс тартысты өтті. Жыл сайын робототехникамен айналысатын оқушылар қатарының артқаны қуантады",– дейді USTEM Robotics қорының жетекшісі Асылбек Мурзахметов.
Айта кетері, Астана қаласында 24-26 ақпан аралығында робототехникадан "Central Asia FIRST CHAMPIONSHIP – 2023" чемпионаты өткен болатын. Оған еліміздің әр аймағынан 1200 оқушы қатысты. Биылғы жарыс энергия тақырыбына арналды.
Сайыс оқу-ағарту министрлігі мен "USTEM Robotics" қоғамдық қорының қолдауымен ұйымдастырылды.
Жаңалықтар
0