Маңғыстауда жеңіл көлікпен соқтығысқан автотасығыш отқа оранды – 4 адам көз жұмды

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.02.2023
Жазылу
АСТАНА, 27 ақпан – Sputnik. Маңғыстау облысында автотасығыш жеңіл көлікпен бетпе-бет соқтығысты. Оқиға орнында төрт адам көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Lada.kz порталына сілтеме жасап.
Жол апаты 25 ақпан күні Сайөтес – Бейнеу тас жолының 383 шақырымында болған. Toyota Camry жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып, көлік таситын жүк көлігімен соқтығысқан. Автотасығыш сол жерде отқа оранды.
Денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, оқиға орнында төрт адам қайтыс болды. Біреуі тірі қалды, оны дереу Бейнеу аудандық ауруханасына жеткізді.
"Пациент бас сүйек-ми жарақатын алды, сан сүйегі сынған. Сол жақ білектің екі сүйегі де сынды. Өкпесі зақымданды. Қазіргі кезде жағдайы тұрақты ауыр болып тұр", - дейді дәрігерлер.
Ауруханаға түскен ер адамның жағдайы тұрақталғаннан кейін оны облыстық ауруханаға медициналық авиациямен жеткізу жоспарланып отыр.
Жаңалықтар
0