Италияда кеме апатынан қаза тапқандар саны 58-ге жетті

© AFP 2024 / Daren Mauree / L'Express Maurice Архивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.02.2023
Жазылу
Оқиға орнына жақын жағажайлардан табылған мәйіттердің ішінде әйелдер мен балалар көп, соның ішінде бір жаңа туған нәресте бар
АСТАНА, 27 ақпан – Sputnik. Италияның оңтүстігіндегі Кротоне қаласында кеме апатқа ұшырап, қаза тапқан мигранттар саны 58-ге жетті, деп хабарлайды РИА Новости.
Бортта болған адамдардың нақты саны белгісіз. Билік өкілдерінің айтуынша, олардың саны 150-ден 250 адамға дейін болуы мүмкін.
Мигранттар мінген қайық Италия жағалауынан 100 метр жерде ауа райының қолайсыздығынан апатқа ұшырады. Алдын ала болжам бойынша, мигранттар Түркиядан жолға шыққан болуы мүмкін.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, "Фронтекс" миссиясының ұшағы халықаралық суларда қайықты байқап, италиялық жағалау қызметтеріне белгі берген. Алайда жоғары толқын салдарынан адамдарды құтқару мүмкін болмады.
Бұған дейін Италияның оңтүстігінде кеменің апатқа ұшырауы салдарынан 30-дан астам мигранттың қаза тапқаны хабарланған болатын.
Жаңалықтар
0