Өңірлер

Түркістан облысында тұрғынды қорқытып, 3 млн теңге тұратын жылқысын алып кеткен

© Photo : СС0 / Miguel Muñoz HierroАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.02.2023
Жазылу
Күдіктілердің бірі қылмыстық топтың мүшесі болып шықты
АСТАНА, 26 ақпан – Sputnik. Түркістан облысында үш ер адам бөтен біреудің жылқысын алып кеткен.
Полицияға жәбірленуші әйел шағымданған. Айтуынша, белгісіз біреулер оның ұлын ұрып-соғып, қарумен қорқытып, 3 миллион теңге тұратын жылқысын көліктеріне тиеп алып кеткен.
Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде Түлкібас ауданының үш тұрғыны ұсталды. Олардың бірі ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі болып шықты.
Айғақ ретінде тәркіленген мал заңды иесіне қайтарылды.
Қылмыстық кодекстің 389-бабы 3-бөлігі "Өзінше билік ету" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.02.2023
Өңірлер
Тараз – Қаратау тас жолында қарақшылық шабуыл жасалды
Жаңалықтар
0