Ресейде құймақ жеу сайысы кезінде бір қатысушы көз жұмды

© Photo : pixabay/RitaEБлины
Блины - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.02.2023
Жазылу
АСТАНА, 26 ақпан – Sputnik. Омбы облысының тұрғыны құймақ жеу сайысына қатысып, түйіліп өлді, деп хабарлады РИА Новости тілшісіне құқық қорғау органдарындағы ақпарат көздері.
Мерекелік іс-шара аясындағы жарыс 25 ақпанда "Коммунальник" шипажайында өткен. 38 жастағы әйел жедел жәрдем келгенше көз жұмған
"Оқиға туралы ақпарат расталды. Әйел мерекелік іс-шараларға, құймақ жеу байқауына қатысқан. Шамасы, ол түйіліп, жедел жәрдем келгенше қайтыс болған", - деп түсіндірді ақпарат көздері РИА Новости тілшісіне.
Ақпаратты Ресейдің Омбы облыстық ішкі істер министрлігінің басқармасындағылар да растады. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Британдық үй шаруасындағы қыз-келіншектер дәстүрлі құймақ жарысына қатысып жатыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.03.2021
Фото
Құймақ әзірлеген әлем жұлдыздары – фото
Жаңалықтар
0