https://sputnik.kz/20230226/azamattyq-aviatsiya-komiteti-astana---shymkent-reysi-nege-ushpaganyn-tusindirdi-32480641.html
Азаматтық авиация комитеті Астана - Шымкент рейсі неге ұшпағанын түсіндірді
Азаматтық авиация комитеті Астана - Шымкент рейсі неге ұшпағанын түсіндірді
АСТАНА, 26 ақпан - Sputnik. Азаматтық авиация комитеті елорда әуежайында жанжал тудырған Fly Arystan әуе компаниясының Астана - Шымкент рейсі неге ұшпағанын... 26.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-26T16:13+0600
2023-02-26T16:13+0600
2023-02-26T16:23+0600
оқиға
азаматтық
авиациялық кәсіпорындар
астана
шымкент
рейстер
/html/head/meta[@name='og:title']/@content
/html/head/meta[@name='og:description']/@content
https://sputnik.kz/img/07e6/01/06/19073169_0:0:3067:1725_1920x0_80_0_0_50779c4285b9105f6e764b8ca2dafcc2.jpg
АСТАНА, 26 ақпан - Sputnik. Азаматтық авиация комитеті елорда әуежайында жанжал тудырған Fly Arystan әуе компаниясының Астана - Шымкент рейсі неге ұшпағанын түсіндірді. Азаматтық авиация комитетінің мәліметі бойынша, КС-7307 Астана-Шымкент рейсі 25 ақпанда сағат 05.40-қа жоспарланған. Ауа райының күрт бұзылуына байланысты (Шымкент әуежайындағы екпінді жел) рейс кейінге шегерілді, кейін ұшпайтын болды. Жолаушыларға өзгерістер туралы тиісті хабарламалар жіберілген.Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, ұшуды күту кезінде жолаушыларға салқын сусын мен ыстық тамақ ұсынылған. Сондай-ақ өтініш білдірген барлық жолаушыға билет ақысы толық қайтарылған. Бұған дейін хабарлағандай, Астана - Шымкент рейсінің жолаушылары әуежайда жанжал шығарып, жеке заттарын, сөмкелерін және суы бар пластик бөтелкесін лақтырған. Жолаушылардың біріне қатысты "Соққыға жығу" және "Ұсақ бұзақылық" баптары бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.
https://sputnik.kz/20230226/astana-auezhayyndagy-zhanzhal-reys-zholaushysy-zhazalandy-32479894.html
астана
шымкент
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/01/06/19073169_158:0:2887:2047_1920x0_80_0_0_97f24f275082df58b733e03acc2ccc09.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
азаматтық, авиациялық кәсіпорындар, астана, шымкент, рейстер
азаматтық, авиациялық кәсіпорындар, астана, шымкент, рейстер
АСТАНА, 26 ақпан - Sputnik. Азаматтық авиация комитеті елорда әуежайында жанжал тудырған Fly Arystan әуе компаниясының Астана - Шымкент рейсі неге ұшпағанын түсіндірді.
Азаматтық авиация комитетінің мәліметі бойынша, КС-7307 Астана-Шымкент рейсі 25 ақпанда сағат 05.40-қа жоспарланған. Ауа райының күрт бұзылуына байланысты (Шымкент әуежайындағы екпінді жел) рейс кейінге шегерілді, кейін ұшпайтын болды. Жолаушыларға өзгерістер туралы тиісті хабарламалар жіберілген.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, ұшуды күту кезінде жолаушыларға салқын сусын мен ыстық тамақ ұсынылған. Сондай-ақ өтініш білдірген барлық жолаушыға билет ақысы толық қайтарылған.
"Сонымен бірге Азаматтық авиация комитеті мен Авиация әкімшілігі бұл факті бойынша қосымша тексеру жүргізеді. Әуе компаниясы тарапынан заңбұзушылықтар анықталса, тиісті шара қолданылады", - деді комитет өкілдері.
Бұған дейін хабарлағандай, Астана - Шымкент рейсінің жолаушылары әуежайда жанжал шығарып, жеке заттарын, сөмкелерін және суы бар пластик бөтелкесін лақтырған.
Жолаушылардың біріне қатысты "Соққыға жығу" және "Ұсақ бұзақылық" баптары бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.