Қоғам

Астана тұрғыны бірнеше өңірге есірткі жеткізіп тұрған: полиция күдіктіні ұстады

© Sputnik / Тимур БатыршинАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.02.2023
Жазылу
АСТАНА, 26 ақпан – Sputnik. Ақмола полицейлері Көкшетау қаласына 840 грамнан астам синтетикалық есірткі жеткізудің жолын кесті, деп хабарлайды Polisia.kz.
Анықталғандай, елорданың 35 жастағы тұрғыны мефедрон психотроптық затын елорда мен басқа өңірлерге де жеткізіп, оны сатумен айналысқан.
Күдіктіні ұстаған кезде жедел қызметкерлер одан 30 пакет тауып, тәркіледі. Сарапшының қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 843 грамм болатын мефедрон психотроптық заты болып шықты. 35 жастағы астаналық есірткі пакеттерін жасырып үлгермеген.
Сондай-ақ есірткімен күрес полицейлері күдіктінің ұялы телефонын тәркіледі. Онда есірткі сату жөнінде куратормен хат алмасу және жасырып салу арқылы жергілікті жерде есірткіні өткізу туралы фотоесеп бар.
Қазір күдікті қамауда отыр. ҚК-нің 297-бабы, 3-бөлігі, 5-тармағы (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Ол 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Полицейлер қылмыстық әрекеттің басқа қатысушыларын анықтау бойынша жұмысты жалғастыруда.
Жаңалықтар
0