Сауда министрі азық-түлік бағасының қымбаттауымен қалай күресетінін айтты

© Photo : Пресс-служба министерства торговли и интеграцииЖұманғарин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша кеңес өткізді
Жұманғарин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша кеңес өткізді - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.02.2023
Жазылу
Премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша кеңес өткізді
АСТАНА, 25 ақпан – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин кейбір облыс әкімдіктерінің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын бақылау бойынша жұмысына көңілі толмады.
Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен үкіметтегі отырыста өңірлердегі көкөніске тауарлық интервенциялардың нәтижелері мен сауда базарларын трансформациялау сияқты кең ауқымды мәселелер қаралды, деп хабарлайды сауда министрлігінің баспасөз қызметі.
Сауда мониторингі комитетінің мәліметінше, өңірлердің басым бөлігі әлеуметтік маңызы бар көкөністер бағасының белгіленген көрсеткіштеріне сәйкес келеді. Алайда Астана, Шымкент, Қарағанды ​​және Солтүстік Қазақстан облыстарында белгіленген көрсеткіштерден асып отыр.
"Көптеген өңірде бағаны тұрақтандыру тетіктері кездейсоқ енгізіліп, бұл жұмыстың нәтижесі дұрыс көрсетілмей отыр. Кейбір өңірлерде келісімшарттар бойынша броньдау 5 айға дейін созылып жатыр, ал көкөніс қорының барлығы емес, бір бөлігі ғана өндіріледі. Атырау облысында көкөністер 2022 жылдың қыркүйегінен бастап қала базарларындағы 6 сауда нүктесінде кассасыз сатылып жатыр", - деді сауда комитеті төрағасының міндетін атқарушы Айдар Әбілдабеков.
Көкөністердің тауарлық интервенцияларының көлемі туралы ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков баяндады.
"Ақпан айының басынан бері картопты өткізу көлемі 7,1 мың тоннаны құрады, бұл бұрын жасалған келісімшарт көлемінің 8,6%-ін ғана жапты, сәбіз – 2,8 мың тонна (10,2%), қырыққабат – 2,4 мың тонна (11,8%), пияз – 3,9 мың тонна (16,5%)", - деді ол.
Сондай-ақ жиында Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін аяқталуға тиіс нарықты жаңғырту бағдарламасы бойынша жоспарланған жұмыс көлемі үйлестірілмеуі салдарынан орындалмағаны айтылды. Жалпы 2025 жылдың соңына дейін 68 базарды, оның ішінде республикалық маңызы бар қалалардағы 18, басқа өңірлердегі 50 сауда орнын жаңғырту міндеті тұр.
Жаңалықтар
0