Денсаулық

Павлодарда өңеш дивертикулитін емдеуге арналған ерекше ота жасалды

© Photo : pixabay.comАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.02.2023
Жазылу
АСТАНА, 24 ақпан – Sputnik. Павлодардағы 1 қалалық ауруханада облыста алғаш рет өңештің дивертикулитін емдеуге арналған ота жасалды. Ол үшін дәрігер эндоскопиялық әдісті қолданды, деп хабарлады медициналық мекеме әлеуметтік желідегі парақшасында.
Бұл хирургиялық ота жасалған алғашқы науқас – 60 жастағы павлодарлық Анатолий Рыков.
"Осы операцияға дейін менде өңеште асқынулар болды және бес жыл бойы мазалап келді. Маған жұтыну қиын болды. Уақыт өте келе бұл ауру асқынып, тыныс алу қиынға соқты. Мен ауруханаға келіп, дәрігер Қуат Жүсіпов ота жасады. Бәрі сәтті өтті", - деді ол.
Бұл операция өңешке видеогастроскоптың көмегімен, тері тілігінсіз жасалады. Бұл әдіс Z-PEM – Ценкеровтың пероралды эндоскопиялық миотомиясы деп аталады, деп түсіндірді эндоскопия бөлімінің меңгерушісі Қуат Жүсіпов.
Бұрын Ценкер дивертикулын емдеуде хирургиялық емдеудің "ашық" әдісі ғана қолданылды. Күні бүгінге дейін көптеген ауруханада осы әдіс қолданылады.
Дәрігердің айтуынша, ашық операция кезінде науқастың мойын бөлігінде біршама үлкен және ұзын кесік жасалып, Ценкер дивертикуласы алынады. Мұндай операциядан кейін мойында үлкен тыртық қалады. Операциядан кейінгі және оңалту кезеңі өте ұзақ уақытты алады.
"Z-POEM операциясы кезінде тері тілігі жасалмайды, тілік өңештің саңылауына жасалады. Бұл кезде оңалу уақыты бірнеше есе қысқарады, науқасты 3-4 күнде үйге шығаруға болады. Асқыну болмаса, оңалтудың қажеті жоқ", - деді Қуат Жүсіпов.
Сондай-ақ, эндоскопиялық операциядан кейінгі алғашқы сағаттардан бастап науқастың өмір сүру сапасы жоғарылайды. Ота жасалғаннан кейінгі келесі күні оған су ішуге рұқсат етіледі.
Мұндай операциялар республиканың үш қаласында ғана жүргізіледі. Павлодар бұл технологияны сәтті енгізген медициналық мекемелер қатарын толықтырды.
Жаңалықтар
0