https://sputnik.kz/20230225/fermerler-171-mlrd-tenge-subsidiya-otinim-32462654.html
Фермерлер 17,1 млрд теңге субсидия алуға өтінім берді
Фермерлер 17,1 млрд теңге субсидия алуға өтінім берді
АСТАНА, 25 ақпан – Sputnik. Қазақстандық фермерлер 1 ақпаннан бастап gosagro.kz порталында жалпы сомасы 17,1 млрд теңге субсидия алуға 3067 өтінім берді. 25.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-25T10:29+0600
2023-02-25T10:29+0600
2023-02-25T10:29+0600
қоғам
субсидиялар
/html/head/meta[@name='og:title']/@content
/html/head/meta[@name='og:description']/@content
https://sputnik.kz/img/07e6/03/1e/23836289_0:107:1280:827_1920x0_80_0_0_03ca41832dd36980f432ba3bb8c8b026.jpg
АСТАНА, 25 ақпан – Sputnik. Қазақстандық фермерлер 1 ақпаннан бастап gosagro.kz порталында жалпы сомасы 17,1 млрд теңге субсидия алуға 3067 өтінім берді.Қазіргі таңда 134,6 млн теңгеге өтінім мақұлданып, оның 20 млн теңгесі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге төленді, деп хабарлайды ауыл шаруашылығы министрлігі.Жүйеде "күту парағы" тетігі іске қосылған, онда бюджеттің болуына қарамастан реттік нөмір беріліп, мақұлданған өтінімдер келіп түседі. Осылайша, бюджет фермер тарапынан қосымша іс-әрекетсіз тек "күту парағындағы" өтінімдер бойынша автоматты түрде бөлінеді."Бұл тәсіл қаражатты бөлудің ашықтығын қамтамасыз етеді және субсидияларды төлеу кезінде адами факторды болдырмайды", - деп атап өтті ведомство.Сондай-ақ өңір әкімдіктерінің фермерлер алдында 2022 жылы резервке қойылған 4025 өтінім бойынша айтарлықтай берешегі бар. Деректер qoldau жүйесінен ауыл шаруашылығы басқармаларының жеке кабинетіне көшірілді.Осылайша, инвестициялық субсидиялау және өнімді қайта өңдеу бағыты бойынша жергілікті әкімдіктер былтырғы қарызды өтегеннен кейін ғана жаңа өтінімдерді төлеуге көше алады.Министрліктің мәліметінше, пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бойынша жүйеде 250-ден астам қаржы институты тіркелген. Олар уыл шаруашылығы басқармаларына 1,8 млрд теңге сомасына өтінім берді.
https://sputnik.kz/20230206/subsidiya-algan-diqandar-kokonisti-naryqtyq-bagamen-satuy-kerek--zhumangarin-31804639.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/03/1e/23836289_141:0:1280:854_1920x0_80_0_0_ed83ad1faf2e967447301839f312939f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
субсидиялар
Фермерлер 17,1 млрд теңге субсидия алуға өтінім берді
АСТАНА, 25 ақпан – Sputnik. Қазақстандық фермерлер 1 ақпаннан бастап gosagro.kz порталында жалпы сомасы 17,1 млрд теңге субсидия алуға 3067 өтінім берді.
Қазіргі таңда 134,6 млн теңгеге өтінім мақұлданып, оның 20 млн теңгесі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге төленді, деп хабарлайды ауыл шаруашылығы министрлігі.
Жүйеде "күту парағы" тетігі іске қосылған, онда бюджеттің болуына қарамастан реттік нөмір беріліп, мақұлданған өтінімдер келіп түседі. Осылайша, бюджет фермер тарапынан қосымша іс-әрекетсіз тек "күту парағындағы" өтінімдер бойынша автоматты түрде бөлінеді.
"Бұл тәсіл қаражатты бөлудің ашықтығын қамтамасыз етеді және субсидияларды төлеу кезінде адами факторды болдырмайды", - деп атап өтті ведомство.
Сондай-ақ өңір әкімдіктерінің фермерлер алдында 2022 жылы резервке қойылған 4025 өтінім бойынша айтарлықтай берешегі бар. Деректер qoldau жүйесінен ауыл шаруашылығы басқармаларының жеке кабинетіне көшірілді.
Осылайша, инвестициялық субсидиялау және өнімді қайта өңдеу бағыты бойынша жергілікті әкімдіктер былтырғы қарызды өтегеннен кейін ғана жаңа өтінімдерді төлеуге көше алады.
Министрліктің мәліметінше, пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бойынша жүйеде 250-ден астам қаржы институты тіркелген. Олар уыл шаруашылығы басқармаларына 1,8 млрд теңге сомасына өтінім берді.