https://sputnik.kz/20230225/alikhan-smayylov-paydalanylmay-zhatqan-zherlerdi-sharualarga-berudi-tapsyrdy-32471953.html
Әлихан Смайылов пайдаланылмай жатқан жерлерді шаруаларға беруді тапсырды
Әлихан Смайылов пайдаланылмай жатқан жерлерді шаруаларға беруді тапсырды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 25 ақпан – Sputnik. Жетісу өңірінде 800 мың гектарға жуық ауыл шаруашылығы жері пайдаланылмай отыр. Ал шаруалар үшін жайылымдық жер тапшы, деп... 25.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-25T17:13+0500
2023-02-25T17:13+0500
2023-02-25T17:13+0500
мектеп
https://sputnik.kz/img/07e6/04/07/24048536_0:133:1281:853_1920x0_80_0_0_77d72c1b9d797bfba1b2e76106e92b03.jpg
АСТАНА, 25 ақпан – Sputnik. Жетісу өңірінде 800 мың гектарға жуық ауыл шаруашылығы жері пайдаланылмай отыр. Ал шаруалар үшін жайылымдық жер тапшы, деп хабарлады Хабар 24.Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған жиында үкімет басшысы Әлихан Смайылов осындай деректер келтірді.Оның айтуынша, облыста жайылымдық жер қажеттілігі 700 мың гектарға жуықтаған. Премьер-министр пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару қажеттігін айтты.Жұмыс сапары барысында Смайылов басқа да мәселелерге назар аударды. Мысалы, өңірде оқу орындары мен ұстаздар жетіспейді. 5 мыңнан астам бала жарамсыз және тозығы жеткен ғимараттарда оқуға мәжбүр.Облыста апатты және сабан кірпіштен салынған оқу орындары бар. Бұл мәселені шешу үшін билік 55 миллиард теңге бөліп, үш жыл ішінде облыста 10 жаңа мектеп бой көтереді."2026 жылға дейінгі ұлттық жоба аясында облыста 10 жаңа мектеп салу жоспарланып отыр. Бұл мақсаттарға республикалық бюджеттен 55 миллиард теңге қарастырылған. Сонымен қатар қаржы министрлігінде жемқор шенеуніктердің есебінен құрылған бюджеттен тыс қор да бар. Бұл қаржы да қосымша мектептер салуға жұмсалады. Бұл өз кезегінде мектеп тапшылығын азайтады. Бұл бағытта әкімдік білім министрлігімен бірлесіп тиісті жұмыстарды жүргізуі қажет", - деді премьер-министр Әлихан Смайылов.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/07/24048536_0:0:1137:853_1920x0_80_0_0_a8de7a0ac1768bc6dcc989f0e06bb456.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мектеп
Әлихан Смайылов пайдаланылмай жатқан жерлерді шаруаларға беруді тапсырды
АСТАНА, 25 ақпан – Sputnik. Жетісу өңірінде 800 мың гектарға жуық ауыл шаруашылығы жері пайдаланылмай отыр. Ал шаруалар үшін жайылымдық жер тапшы, деп хабарлады
Хабар 24. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған жиында үкімет басшысы Әлихан Смайылов осындай деректер келтірді.
Оның айтуынша, облыста жайылымдық жер қажеттілігі 700 мың гектарға жуықтаған. Премьер-министр пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару қажеттігін айтты.
Жұмыс сапары барысында Смайылов басқа да мәселелерге назар аударды. Мысалы, өңірде оқу орындары мен ұстаздар жетіспейді. 5 мыңнан астам бала жарамсыз және тозығы жеткен ғимараттарда оқуға мәжбүр.
Облыста апатты және сабан кірпіштен салынған оқу орындары бар. Бұл мәселені шешу үшін билік 55 миллиард теңге бөліп, үш жыл ішінде облыста 10 жаңа мектеп бой көтереді.
"2026 жылға дейінгі ұлттық жоба аясында облыста 10 жаңа мектеп салу жоспарланып отыр. Бұл мақсаттарға республикалық бюджеттен 55 миллиард теңге қарастырылған. Сонымен қатар қаржы министрлігінде жемқор шенеуніктердің есебінен құрылған бюджеттен тыс қор да бар. Бұл қаржы да қосымша мектептер салуға жұмсалады. Бұл өз кезегінде мектеп тапшылығын азайтады. Бұл бағытта әкімдік білім министрлігімен бірлесіп тиісті жұмыстарды жүргізуі қажет", - деді премьер-министр Әлихан Смайылов.