Жөндеу жүргізіледі: Air Astana Астанадағы рейстердің уақыты өзгеретінін ескертті

© Photo : Пресс-служба "Эйр Астана"Эйр Астана ұшағы
Эйр Астана ұшағы - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.02.2023
Жазылу
АСТАНА, 24 ақпан – Sputnik. Air Astana әуе компаниясының баспасөз қызметі елорда әуежайындағы жөндеу жұмыстарына байланысты рейстер кестесіне өзгерістер енгізілетінін айтты.
Ведомствоның мәліметінше, Астана әуежайында 2023 жылдың 15 шілдесі мен 8 тамызы аралығында ұшу-қону жолағын жөндеу жоспарланған.
Әуе компаниясы аталған мерзімде жөндеу жұмыстары күн сайын сағат 11.00-ден 18.00-ге дейін жүргізілетінін атап өтті.
"Air Astana елордадан/елордаға орындалатын рейстер кестесіне қажетті өзгерістер енгізеді. Бұрын осы кезеңге жоспарланған рейстер ерте немесе кеш уақытқа ауыстырылады", - деп хабарлады ведомство.
Уақыты ауыстырылатын рейстердің жолаушыларына тегін қайта брондау немесе билетті сатып алу орнында толық қайтару ұсынылып отыр.
Елорда әуежайының ұшу кестесіндегі өзгерістерді әуе компаниясының сайтынан көріп отыруға болады.
Жаңалықтар
0