Жамбыл облысында ауыл әкімі қар құрсауынан 70 адамды құтқарды

© PhotoЖамбыл облысында ауыл әкімі қар құрсауынан 70 адамды құтқарды
Жамбыл облысында ауыл әкімі қар құрсауынан 70 адамды құтқарды - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.02.2023
Жазылу
АСТАНА, 24 ақпан – Sputnik. Жамбыл облысы Берікқара ауылдық округінің әкімі Ербол Смайылов құтқарушылардың көмегін күтпей, қар құрсауында қалған 70-ке жуық адамды аман-есен құтқарып қалды. Бұл туралы бейсенбіде мемлекеттік қызмет істері агенттігінде айтылды.
10 ақпанда Жамбыл облысындағы Майтөбе ауылының маңында орналасқан Тараз – Қаратау тасжолында 35-ке жуық автокөлік пен 70-ке жуық тұрғын омбы қарда қалып қойған.
Ауыл әкімі ТЖ бөлімін хабардар етіп, нақты координаттардың жоқтығына қарамастан, адамдарды өз бетінше іздеуге кіріскен.
"Іздеу жұмыстары барысында әкімнің қызметтік көлігі қарлы боранда қалып қояды. Ал әкім тұрғындарды жаяу іздеген. Межелі жерге жеткен ауыл әкімі ұялы байланыс арқылы ауылдық округ әкімдігінің қызметшілеріне тұрғынның және оның немерелерінің орналасқан жерін хабарлайды. Әкімдік қызметкерлері арнайы техниканы тез ұйымдастырып, тұрғындарды қауіпсіз жерге шығарған", - деп хабарлады агенттік.
ТЖ бөлімінің қызметкерлері келгенге дейін ауыл әкімі басқа азаматтарды іздеуді жалғастырып, жолда түнеген.
"Таңертең ауыл әкімі ауылға арнайы ТЖ автокөлігімен келіп, бірінші кезекте құтқарылған тұрғындармен кездесіп, ауыл тұрғындарының үйлеріне ыстық тамақ беруді ұйымдастырды", - деп хабарлады ведомство.
Округ әкімдігінің қызметкерлері мен ауыл тұрғындары құтқарушылармен бірге арнайы техниканың көмегімен қар құрсауында қалған 35-ке жуық автокөлікті қардан шығарып, иелеріне тапсырды.
Жаңалықтар
0