https://sputnik.kz/20230224/turkiya-almatyga-30-qutqarushyny-oquga-zhiberuge-dayyn-32461058.html
Түркия Алматыға 30 құтқарушыны оқуға жіберуге дайын
Түркия Алматыға 30 құтқарушыны оқуға жіберуге дайын
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 24 ақпан – Sputnik. Түркиялық құтқарушылар алматылық әріптестерімен байланысқа шығып, құтқарушыларды оқытуда көмек сұрады. 24.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-24T19:54+0500
2023-02-24T19:54+0500
2023-02-24T19:54+0500
құтқарушылар
қазақстандықтар
түркия
оқыту
https://sputnik.kz/img/07e7/02/0b/31997924_0:208:540:512_1920x0_80_0_0_dc25744dae56d49b39b2bf4b7bb04c12.jpg
АСТАНА, 24 ақпан – Sputnik. Түркиялық құтқарушылар алматылық әріптестерімен байланысқа шығып, құтқарушыларды оқытуда көмек сұрады. Түркия Алматыға 30 құтқарушыны оқуға жіберуге дайын, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігінің республикалық жедел-құтқару жасағының басшысы Владимир Цой. "Қазақстандық құтқарушылардың кәсіби шеберлігін Түркия азаматтары жоғары бағалады. Кеше ғана AFAD (Түркияның Апаттар және төтенше жағдайларға қарсы күрес басқармасы – Sputnik) бас үйлестірушісі хабарласып, оларды оқытуға, тәжірибе алмасуға келуімізді сұрады. Олар маған Қазақстанға 30 құтқарушы жібергісі келетінін жазып, біздің елде даярлықтан өтуге, сондай-ақ кинологтармен жұмыс істеуді үйренуге ниетті екендерін хабарлады", - деді Цой өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде. Ол қазақстандық құтқарушылардың қираған нысандарды бір минутқа да қалдырмай, демалыссыз жұмыс істегенін атап өтті. Бұл кезде түнде ауа температурасы минус 7 градусқа дейін төмендеген. "Маған түрік әріптестеріміз, жергілікті азаматтар келіп, аудармашы арқылы "қазақтардың ептілігі жоғары, сонда сіздерде үнемі жер сілкінісі бола ма?" деп сұрады. Мен бұл сұраққа біздің елде жақсы мектеп бар деп жауап бердім. Расында да, біз жыл сайын полигонда жиын, жарыс, семинар өткізіп, қирандылар элементтері бар оқу-жаттығуларды ұйымдастырамыз. Үнемі жаттығамыз, тәжірибе алмасамыз. Бұл даярлық Түркияда кәдеге жарады", - деді Владимир Цой.
https://sputnik.kz/20230224/toqaev-turkiya-qutqarushylar-marapat-32453454.html
түркия
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/02/0b/31997924_0:158:540:563_1920x0_80_0_0_2838051a233e7588add7be40b3b9061e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
құтқарушылар, қазақстандықтар, түркия, оқыту
құтқарушылар, қазақстандықтар, түркия, оқыту
АСТАНА, 24 ақпан – Sputnik. Түркиялық құтқарушылар алматылық әріптестерімен байланысқа шығып, құтқарушыларды оқытуда көмек сұрады.
Түркия Алматыға 30 құтқарушыны оқуға жіберуге дайын, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігінің республикалық жедел-құтқару жасағының басшысы Владимир Цой.
"Қазақстандық құтқарушылардың кәсіби шеберлігін Түркия азаматтары жоғары бағалады. Кеше ғана AFAD (Түркияның Апаттар және төтенше жағдайларға қарсы күрес басқармасы – Sputnik) бас үйлестірушісі хабарласып, оларды оқытуға, тәжірибе алмасуға келуімізді сұрады. Олар маған Қазақстанға 30 құтқарушы жібергісі келетінін жазып, біздің елде даярлықтан өтуге, сондай-ақ кинологтармен жұмыс істеуді үйренуге ниетті екендерін хабарлады", - деді Цой өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде.
Ол қазақстандық құтқарушылардың қираған нысандарды бір минутқа да қалдырмай, демалыссыз жұмыс істегенін атап өтті. Бұл кезде түнде ауа температурасы минус 7 градусқа дейін төмендеген.
"Маған түрік әріптестеріміз, жергілікті азаматтар келіп, аудармашы арқылы "қазақтардың ептілігі жоғары, сонда сіздерде үнемі жер сілкінісі бола ма?" деп сұрады. Мен бұл сұраққа біздің елде жақсы мектеп бар деп жауап бердім. Расында да, біз жыл сайын полигонда жиын, жарыс, семинар өткізіп, қирандылар элементтері бар оқу-жаттығуларды ұйымдастырамыз. Үнемі жаттығамыз, тәжірибе алмасамыз. Бұл даярлық Түркияда кәдеге жарады", - деді Владимир Цой.