https://sputnik.kz/20230224/qazaqgaz-gaz-tarifin-basqasha-esepteudi-usyndy-32434988.html
QazaqGaz газ тарифін басқаша есептеуді ұсынды
QazaqGaz газ тарифін басқаша есептеуді ұсынды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 24 ақпан — Sputnik. "QazaqGaz" ұлттық компаниясы газды тұтынудың "әлеуметтік минимумын" енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 24.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-24T10:59+0500
2023-02-24T10:59+0500
2023-02-24T11:59+0500
газ
тарифтер
https://sputnik.kz/img/363/08/3630898_0:200:1921:1280_1920x0_80_0_0_ed4e4d8d8809768036d7ec61e604f116.jpg
АСТАНА, 24 ақпан — Sputnik. "QazaqGaz" ұлттық компаниясы газды тұтынудың "әлеуметтік минимумын" енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Компания төрағасының маркетинг жөніндегі орынбасары Арман Қасеновтың айтуынша, "әлеуметтік минимум" әділ тарифті белгілеуді көздейді. Сонда адамдар газ үшін жағдайына қарай төлейді."Мысалы, солтүстік аймақтарда күзгі-қысқы кезең 9 айға жалғасады. Сонда бір үй орташа есеппен 500-1000 текше газ жағады. Ал оңтүстік пен батыста жылы күндер көп. Соған қарамастан, бір үй үш есе көп газ тұтынады. Бұл дегеніміз, ондай үйде бизнес – қонақ үй немесе дүкен бар. Басқа бір құрылыстар салады. Сондықтан біз "әлеуметтік минимум" енгізуді. Жеке меншік үй ме, бір конфорка, газ плита, қазандық, осының бәрін есепке алып, бір нормативті белгілейміз. Бұл газды тұтынудың минимумы болады. Одан жоғары болса, нормативтен артық болып есептеледі", - деді Қасенов қоғамдық кеңестің отырысында.Оның сөзіне қарағанда, бүгінде арзан газбен энергия шығарып жатқан кәсіпорындар да бар. Олай жалғаса берсе, газ тапшылығы болуы әбден мүмкін. Қазірдің өзінде барлық газ кен орны таусылуға жақын. Ал оны тұтыну көрсеткіші 30 жылдағы ең жоғары деңгейге жетті.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/363/08/3630898_0:0:1707:1280_1920x0_80_0_0_2beac53bc01d71432e0a8b04d5fbc411.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
газ, тарифтер
QazaqGaz газ тарифін басқаша есептеуді ұсынды
10:59 24.02.2023 (жаңартылды: 11:59 24.02.2023) АСТАНА, 24 ақпан — Sputnik. "QazaqGaz" ұлттық компаниясы газды тұтынудың "әлеуметтік минимумын" енгізуді ұсынды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Компания төрағасының маркетинг жөніндегі орынбасары Арман Қасеновтың айтуынша, "әлеуметтік минимум" әділ тарифті белгілеуді көздейді. Сонда адамдар газ үшін жағдайына қарай төлейді.
"Мысалы, солтүстік аймақтарда күзгі-қысқы кезең 9 айға жалғасады. Сонда бір үй орташа есеппен 500-1000 текше газ жағады. Ал оңтүстік пен батыста жылы күндер көп. Соған қарамастан, бір үй үш есе көп газ тұтынады. Бұл дегеніміз, ондай үйде бизнес – қонақ үй немесе дүкен бар. Басқа бір құрылыстар салады. Сондықтан біз "әлеуметтік минимум" енгізуді. Жеке меншік үй ме, бір конфорка, газ плита, қазандық, осының бәрін есепке алып, бір нормативті белгілейміз. Бұл газды тұтынудың минимумы болады. Одан жоғары болса, нормативтен артық болып есептеледі", - деді Қасенов қоғамдық кеңестің отырысында.
Оның сөзіне қарағанда, бүгінде арзан газбен энергия шығарып жатқан кәсіпорындар да бар. Олай жалғаса берсе, газ тапшылығы болуы әбден мүмкін. Қазірдің өзінде барлық газ кен орны таусылуға жақын. Ал оны тұтыну көрсеткіші 30 жылдағы ең жоғары деңгейге жетті.