Ми-8 апатынан кейін әуе компанияларында тексеріс жүргізіледі

© Photo : Пресс-служба комитета гражданской акации КазахстанаҚазақстанның Авиация әкімшілігінде Ми-8 тікұшағының апатқа ұшырауына байланысты шұғыл отырыс өтті
Қазақстанның Авиация әкімшілігінде Ми-8 тікұшағының апатқа ұшырауына байланысты шұғыл отырыс өтті - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.02.2023
Жазылу
Батыс Қазақстанда бір күн бұрын апатқа ұшыраған "Қазавиақұтқару" компаниясының Ми-8 тікұшағында ұшуға жарамдылық сертификаты болған
АСТАНА, 24 ақпан – Sputnik. Қазақстанның Авиация әкімшілігінде (АӘК) Ми-8 тікұшағының апатқа ұшырауына байланысты Операциялық орталықтың шұғыл отырысы өтті, деп хабарлайды азаматтық авиация комитеті.
Әкімшіліктің бас директоры Каталин Раду төрағалық еткен кеңеске ұшуға жарамдылық, ұшуды пайдалану, аэронавигация, лицензиялау, авиация медицинасы, іздеу және құтқару департаменттері және ұшу қауіпсіздігі басқармасының өкілдері қатысты.
"Операциялық орталық төтенше жағдай жоспарын іске қосты, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін талқыланды және тергеу жүргізуге арналған құжаттарды дайындады", - деп жазылған комитет хабарламасында.
Қазақстанның авиация билігінің мәліметінше, апатқа ұшыраған Ми-8 тікұшағына ұшуға жарамдылық сертификаты 2022 жылдың 3 мамырында берілген. Тікұшақ шығарылған күн – 2021 жылғы 27 қаңтар. Тікұшақ Қазақстан Республикасының Азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде 2022 жылғы 14 сәуірде тіркелген (тіркеу нөмірі 1273, мемлекеттік және тіркеу бойынша сәйкестендіру белгісі UP-MI874).
Апат жоспары тармақтарының бірі Қазақстанның авиация әкімшілігі Ми-8 үлгісіндегі тікұшақтарды пайдаланатын әуе компаниялардың қызметін жоспардан тыс тексеруін қамтиды, деп хабарлады азаматтық авиация комитетіндегілер.
"Тексеру нәтижелері бойынша бірнеше рет қайталанған заңбұзушылықтар анықталған жағдайда ұшу қауіпсіздігі бойынша барлық мәселе шешілгенге дейін тиісті сертификаттар мен лицензиялардың қолданылуы тоқтатылады", - деді ААК-дегілер.
Ведомствоның хабарлауынша, тікұшағы апатқа ұшыраған "Қазавиақұтқару" компаниясының 2021 жылдың 1 қазанында Қазақстанныың Авиация әкімшілігі берген 2024 жылдың 1 қазанына дейін KAZ-02/027 авиациялық жұмыстарды орындау құқығына жарамды сертификаты бар. Әуе компаниясының иелігінде 33 тікұшақ бар.
Жаңалықтар
0