https://sputnik.kz/20230224/almatyda-shetelden-qaru-tasymaldaushylar-ustaldy-32460703.html
Алматыда шетелден қару тасымалдаушылар ұсталды
Алматыда шетелден қару тасымалдаушылар ұсталды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 24 ақпан - Sputnik. Алматыға таяу шетелден заңсыз жолмен қару тасымалдау арнасының жолы кесілді, деп хабарлайды ұлттық қауіпсіздік комитеті. 24.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-24T21:56+0500
2023-02-24T21:56+0500
2023-08-09T17:16+0500
оқиға
алматы
қару-жарақ
https://sputnik.kz/img/07e7/01/13/31283088_0:96:1024:672_1920x0_80_0_0_885611f57fffef9aeb046929dac03cc0.jpg
АСТАНА, 24 ақпан - Sputnik. Алматыға таяу шетелден заңсыз жолмен қару тасымалдау арнасының жолы кесілді, деп хабарлайды ұлттық қауіпсіздік комитеті. Ведомствоның айтуынша, ұйымдастырушы мен оның көмекшілері қолға түсті. Бұл операция алдында ұзақ жедел зерделеу жұмысы жүргізілген. Оқ-дәрімен ататын және өзге де суық қаруды, сонымен қатар оқ-дәрінің сирек кездесетін түрлерін жеткізу мен сату жүйелері анықталып, құжатпен бекітілген. Күдіктілер құпиялық шараларын қатаң сақтап, саудалаудың өзге әдістерін пайдаланып, қылмыстық ұйымның жұмысын әшкерелеуді барынша қиындатқан. Уақтылы қабылданған шаралар нәтижесінде қылмыстық бизнеске тосқауыл қойылды. Қару-жарақтың негізгі бөлігі жақын шет елдерден құпия арналар арқылы жеткізіліп тұрған. Заңсыз айналымнан 12 қару: жетілдірілген тапаншалар, мылтықтар, заманауи жабдықталған қарулар, 2 000-нан аса оқ-дәрі, сонымен қатар суық қарудың бірнеше түрі алынды. Арасында қымбат пышақ, қанжар, қылыш, жүзі жасырылған қол таяқтар да болған.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/01/13/31283088_0:0:1024:768_1920x0_80_0_0_270b2980b18587c6289dbbd4b8ffe99a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, қару-жарақ
АСТАНА, 24 ақпан - Sputnik. Алматыға таяу шетелден заңсыз жолмен қару тасымалдау арнасының жолы кесілді, деп хабарлайды ұлттық қауіпсіздік комитеті.
Ведомствоның айтуынша, ұйымдастырушы мен оның көмекшілері қолға түсті. Бұл операция алдында ұзақ жедел зерделеу жұмысы жүргізілген. Оқ-дәрімен ататын және өзге де суық қаруды, сонымен қатар оқ-дәрінің сирек кездесетін түрлерін жеткізу мен сату жүйелері анықталып, құжатпен бекітілген.
Күдіктілер құпиялық шараларын қатаң сақтап, саудалаудың өзге әдістерін пайдаланып, қылмыстық ұйымның жұмысын әшкерелеуді барынша қиындатқан.
Уақтылы қабылданған шаралар нәтижесінде қылмыстық бизнеске тосқауыл қойылды. Қару-жарақтың негізгі бөлігі жақын шет елдерден құпия арналар арқылы жеткізіліп тұрған.
Заңсыз айналымнан 12 қару: жетілдірілген тапаншалар, мылтықтар, заманауи жабдықталған қарулар, 2 000-нан аса оқ-дәрі, сонымен қатар суық қарудың бірнеше түрі алынды. Арасында қымбат пышақ, қанжар, қылыш, жүзі жасырылған қол таяқтар да болған.