Оқиға

Алматыда жастар арасында жаппай төбелес шықты – видео

© PavlofoxАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.02.2023
Жазылу
АСТАНА, 24 ақпан – Sputnik. Алматыда жастар арасында жаппай төбелес болды. Полиция 11 адамды ұстап әкетті.
Оқиға 23 ақпан күні сағат 23:00 шамасында Бостандық ауданында болған. Тәртіп сақшыларына жастар төбелесіп жатыр деген хабар түскен.
Оқиға орнына бірден бірнеше патрульдік полиция экипажы аттанды. Төбелеске қатысы бар болуы мүмкін деген 11 адам ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігі, бұзақылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Жанжалдың мән-жайы анықталып жатыр.
Человек с ломом в руке, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.10.2022
Павлодардағы жаппай төбелес видеоға түсіп қалды
Жаңалықтар
0