https://sputnik.kz/20230224/2023-zhyly-2-myn-shaqyrymga-zhuyq-taszhol-zhanartylady-32427501.html
2023 жылы 2 мың шақырымға жуық тасжол жаңартылады
2023 жылы 2 мың шақырымға жуық тасжол жаңартылады
Премьер-министр Әлихан Смайылов Қазақстандағы жол желісін дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді 24.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-24T08:28+0600
2023-02-24T08:28+0600
2023-02-24T08:37+0600
жол
/html/head/meta[@name='og:title']/@content
/html/head/meta[@name='og:description']/@content
https://sputnik.kz/img/07e7/02/17/32402248_0:0:1600:900_1920x0_80_0_0_e7265e5fae93590f64b2e20bc39bd932.jpg
АСТАНА, 24 ақпан – Sputnik. Жиында индустрия министрі Марат Қарабаев республикада автокөлік инфрақұрылымы қалай дамытылатыны туралы айтты, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.Қарабаевтың айтуынша, республика аумағында жалпы ұзындығы шамамен 13 мың шақырымды құрайтын сегіз автокөлік транзиттік дәлізі бар.Министр бүгінде елімізде мына тасжолдар қайта жөндеуден өтіп жатқанын атап өтті:Сонымен бірге 2030 жылы индустрия және инновациялық даму министрлігі мына тас жолдарды І техникалық санатқа дейін модернизациялауды жоспарлап отыр:Үкімет басшысы бұл жұмысты көршілес мемлекеттердің құзырлы мемлекеттік органдарымен үйлестіре отырып, Ресей мен Қытайға, сондай-ақ Транскаспий халықаралық көлік бағытына қарай логистикалық бағыттарды дамытуды жандандыруды тапсырды."Халықаралық автомобиль және басқа да логистикалық дәліздердің өткізу қабілетін арттыру қажет. Осы жұмыстардың барлығына серпін беру керек. Сонымен қатар өткізу пункттерін жаңғырту да жіті назар аударуды қажет етеді", - деді Әлихан Смайылов.Оның айтуынша, мұндай тәсіл мемлекеттер арасындағы жолдар торабындағы кедергілерді тез жоюға және соның нәтижесінде жүк айналымын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/02/17/32402248_200:0:1400:900_1920x0_80_0_0_b3f5a68296778a223dbae80da557930f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
жол
2023 жылы 2 мың шақырымға жуық тасжол жаңартылады
08:28 24.02.2023 (жаңартылды: 08:37 24.02.2023) Премьер-министр Әлихан Смайылов Қазақстандағы жол желісін дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді
АСТАНА, 24 ақпан – Sputnik. Жиында индустрия министрі Марат Қарабаев республикада автокөлік инфрақұрылымы қалай дамытылатыны туралы айтты, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Қарабаевтың айтуынша, республика аумағында жалпы ұзындығы шамамен 13 мың шақырымды құрайтын сегіз автокөлік транзиттік дәлізі бар.
Министр бүгінде елімізде мына тасжолдар қайта жөндеуден өтіп жатқанын атап өтті:
768 шақырымдағы Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – Ресей Федерациясының шекарасы;
746 шақырымдағы Ақтөбе – Атырау – Ресей Федерациясының шекарасы;
415 шақырымдағы Майқапшағай – Қалбатау – Семей – Павлодар – Ресей Федерациясының шекарасы;
31 шақырымдағы Алматы – Астана – Петропавл – Ресей Федерациясының шекарасы.
Сонымен бірге 2030 жылы индустрия және инновациялық даму министрлігі мына тас жолдарды І техникалық санатқа дейін модернизациялауды жоспарлап отыр:
Батыс Еуропа – Батыс Қытай дәлізінің 1 363 шақырымы;
Астана – Қостанай – Ресей Федерациясының шекарасы бағытының 830 шақырымы;
Атырау – Орал – Ресей Федерациясының шекарасы автожолының 587 шақырымы.
Үкімет басшысы бұл жұмысты көршілес мемлекеттердің құзырлы мемлекеттік органдарымен үйлестіре отырып, Ресей мен Қытайға, сондай-ақ Транскаспий халықаралық көлік бағытына қарай логистикалық бағыттарды дамытуды жандандыруды тапсырды.
"Халықаралық автомобиль және басқа да логистикалық дәліздердің өткізу қабілетін арттыру қажет. Осы жұмыстардың барлығына серпін беру керек. Сонымен қатар өткізу пункттерін жаңғырту да жіті назар аударуды қажет етеді", - деді Әлихан Смайылов.
Оның айтуынша, мұндай тәсіл мемлекеттер арасындағы жолдар торабындағы кедергілерді тез жоюға және соның нәтижесінде жүк айналымын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.