https://sputnik.kz/20230223/zhoyqyn-zher-silkinisi-kezinde-almatynyn-30-payyzy-qirap-qaluy-mumkin---vitse-ministr--32402990.html
Жойқын жер сілкінісі кезінде Алматының 30 пайызы қирап қалуы мүмкін – вице-министр
Жойқын жер сілкінісі кезінде Алматының 30 пайызы қирап қалуы мүмкін – вице-министр
АСТАНА, 23 ақпан – Sputnik. Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев Алматының қай аудандары жер сілкінісі кезінде өте қауіпті екенін айтты... 23.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-23T14:20+0600
2023-02-23T14:20+0600
2023-02-23T14:20+0600
алматы
жер сілкінісі
/html/head/meta[@name='og:title']/@content
/html/head/meta[@name='og:description']/@content
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/01/15621965_0:128:1081:736_1920x0_80_0_0_45d3438bad731fc73575dd3a4d86cc8b.jpg
АСТАНА, 23 ақпан – Sputnik. Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев Алматының қай аудандары жер сілкінісі кезінде өте қауіпті екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Ол Алматы сейсмикалық қауіпті өңірлердің бірі екенін атап өтті."Алматы 27 қауіпті тектоникалық жарық аумағында орналасқан. Негізгісі – қаланың таулы аудандары. Басқаларға қарағанда Түрксіб ауданы – барынша қауіпсіз, қалғандары – Медеу, Бостандық аудандары плиталардың ажыраған тұсында орналасқан, сол себепті қауіп жоғары", - деді Күлшімбаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.Вице-министр жойқын жер сілкінісі болса, Алматыдағы ғимараттардың отыз пайызы қирап қалуы мүмкін екенін мәлімдеді."Қаланың 60-70 пайызы қирап қалады деген пікірмен келісе алмаймын. Бірақ болжам бойынша 9 және одан да көп балдық алапат жер сілкінісі кезінде ғимараттардың 30 пайызы қирауы мүмкін. Тиісінше, қандай шығын келетінін есептеу қажет", - деді ол.
https://sputnik.kz/20230223/toqaev-almatyda-ekinshi-zhartyzhyldyqta-seysmoaudit-zhurgizu-zhosparyn-maquldady-32397393.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/01/15621965_0:27:1081:837_1920x0_80_0_0_41e3334102975574c8a0090ca8f0e511.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
алматы, жер сілкінісі
Жойқын жер сілкінісі кезінде Алматының 30 пайызы қирап қалуы мүмкін – вице-министр
АСТАНА, 23 ақпан – Sputnik. Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев Алматының қай аудандары жер сілкінісі кезінде өте қауіпті екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ол Алматы сейсмикалық қауіпті өңірлердің бірі екенін атап өтті.
"Алматы 27 қауіпті тектоникалық жарық аумағында орналасқан. Негізгісі – қаланың таулы аудандары. Басқаларға қарағанда Түрксіб ауданы – барынша қауіпсіз, қалғандары – Медеу, Бостандық аудандары плиталардың ажыраған тұсында орналасқан, сол себепті қауіп жоғары", - деді Күлшімбаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Вице-министр жойқын жер сілкінісі болса, Алматыдағы ғимараттардың отыз пайызы қирап қалуы мүмкін екенін мәлімдеді.
"Қаланың 60-70 пайызы қирап қалады деген пікірмен келісе алмаймын. Бірақ болжам бойынша 9 және одан да көп балдық алапат жер сілкінісі кезінде ғимараттардың 30 пайызы қирауы мүмкін. Тиісінше, қандай шығын келетінін есептеу қажет", - деді ол.