https://sputnik.kz/20230223/qyzylordada-er-adamnyn-aty-zhoni-quzhatqa-ayel-retinde-zhazylgan-32390244.html
Қызылордада ер адамның аты-жөні құжатқа әйел ретінде жазылған
Қызылордада ер адамның аты-жөні құжатқа әйел ретінде жазылған
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 23 ақпан – Sputnik. 55 жастағы Бақытжан Саймовтың туу туралы куәлігін ата-анасы 1970 жылы алған. Ал онда атпалдай азаматтың аты-жөні әйел ретінде... 23.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-23T14:00+0500
2023-02-23T14:00+0500
2023-02-23T14:00+0500
құжат
қызылорда облысы
https://sputnik.kz/img/983/68/9836877_83:0:2183:1181_1920x0_80_0_0_02e8d13c241a269e5bf72ba777800f48.jpg
АСТАНА, 23 ақпан – Sputnik. 55 жастағы Бақытжан Саймовтың туу туралы куәлігін ата-анасы 1970 жылы алған. Ал онда атпалдай азаматтың аты-жөні әйел ретінде жазылған. Жас кезінде оған намыстанып, қатарластарынан құпияда ұстағанын жасырмайды. Енді неше жыл арқалап жүрген –ова, – овна деген жалғаулар зейнетке шығарда сергелдеңге сала ма деп қорқып отыр, деп хабарлады "Астана" арнасы."Саимова Бақытжан Куламкадировна деп жазылған. Бала күнімде паспорт алған кезде бір-ақ білдім. Метркенің көшірмесін жазатын едік қой. Сол кезде білдім, көрсетіп едім ұл деп жаза сал деді. Сонымен паспорт алынып кетті. Одан кейін метркені қарамадық, үйде жатты ғой", - дейді қала тұрғыны.Қазіргі таңда қазақтың Гүлнұр, Қанағаттары құжат бойынша Гулнур, Канагат болып жүргені жасырын емес. Жалпы елімізде адамдардың фамилиясын жазудың 20-ға жуық үлгісі бар екен.Азаматтарға арналған үкімет корпорациясына соңғы бір жылда құжаттарындағы қателіктеріне арызданушылар тіркелмеген. Ал Бақытжан Саимовтың мәселесі зейнетке шығуына кедергі келтірмейді дейді мамандар. Олардың айтуынша, аты-жөнін қазақшалауға ниеттілердің де қарасы қалың емес екен."Барлығы бір жерден шешіледі. Өйткені өтініші бойынша біз әрі қарай құжатты жолдаймыз. Оған 0,5 айлық есептік көрсеткіш бойынша баж салығы бар. Соны төлегеннен кейін 15 күннің ішінде құжаты қазақша өзі қалағанындай болып келеді", - дейді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының Қызылорда облысы бойынша PR менеджері Ерқанат Сәрсенбай.Ал тегін өзгерткен азаматтарға диплом секілді өзге де құжаттарды ауыстырудың қажеттілігі болмайды дейді мамандар. Барлығы электронды жүйеге тіркеліп тұрады.
қызылорда облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/983/68/9836877_526:0:2101:1181_1920x0_80_0_0_46e1977dbc312939ab27632d5b6919ef.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
құжат, қызылорда облысы
Қызылордада ер адамның аты-жөні құжатқа әйел ретінде жазылған
АСТАНА, 23 ақпан – Sputnik. 55 жастағы Бақытжан Саймовтың туу туралы куәлігін ата-анасы 1970 жылы алған. Ал онда атпалдай азаматтың аты-жөні әйел ретінде жазылған. Жас кезінде оған намыстанып, қатарластарынан құпияда ұстағанын жасырмайды. Енді неше жыл арқалап жүрген –ова, – овна деген жалғаулар зейнетке шығарда сергелдеңге сала ма деп қорқып отыр, деп хабарлады "
Астана" арнасы.
"Саимова Бақытжан Куламкадировна деп жазылған. Бала күнімде паспорт алған кезде бір-ақ білдім. Метркенің көшірмесін жазатын едік қой. Сол кезде білдім, көрсетіп едім ұл деп жаза сал деді. Сонымен паспорт алынып кетті. Одан кейін метркені қарамадық, үйде жатты ғой", - дейді қала тұрғыны.
Қазіргі таңда қазақтың Гүлнұр, Қанағаттары құжат бойынша Гулнур, Канагат болып жүргені жасырын емес. Жалпы елімізде адамдардың фамилиясын жазудың 20-ға жуық үлгісі бар екен.
Азаматтарға арналған үкімет корпорациясына соңғы бір жылда құжаттарындағы қателіктеріне арызданушылар тіркелмеген. Ал Бақытжан Саимовтың мәселесі зейнетке шығуына кедергі келтірмейді дейді мамандар. Олардың айтуынша, аты-жөнін қазақшалауға ниеттілердің де қарасы қалың емес екен.
"Барлығы бір жерден шешіледі. Өйткені өтініші бойынша біз әрі қарай құжатты жолдаймыз. Оған 0,5 айлық есептік көрсеткіш бойынша баж салығы бар. Соны төлегеннен кейін 15 күннің ішінде құжаты қазақша өзі қалағанындай болып келеді", - дейді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының Қызылорда облысы бойынша PR менеджері Ерқанат Сәрсенбай.
Ал тегін өзгерткен азаматтарға диплом секілді өзге де құжаттарды ауыстырудың қажеттілігі болмайды дейді мамандар. Барлығы электронды жүйеге тіркеліп тұрады.