"Қазақтелекомның" еншілес компаниялары 5G желісін салады

© Sputnik / Абзал КалиевЗдание АО "Казахтелеком"
Здание АО Казахтелеком - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.02.2023
Жазылу
АСТАНА, 23 ақпан — Sputnik. Мемлекет басшысы "Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеевті қабылдады.
Оның айтуынша, былтыр "Қазақтелеком" АҚ-ның негізгі қаржы және экономикалық көрсеткіштері өскен. Бұл биыл бірқатар ауқымды жобаны іске асыруға мүмкіндік беріп отыр. Олардың негізгісі 5G желісін жүргізу жобасы. Бұл міндетті "МТС" ЖШС және "Кселл" АҚ операторларының консорциумы атқарады.
"Қазақтелеком" акционерлік қоғамының еншілес компаниялары 2027 жылға дейін еліміз бойынша 7 мыңнан астам базалық станция салуға тиіс. Биыл Астана, Алматы және Шымкент қалаларында осындай 486 станция пайдалануға беріледі.
"Әзербайжан – Қазақстан" бағыты бойынша Каспий теңізінің табаны арқылы тартылатын талшықты-оптикалық байланыс желісінің құрылысына қатысты халықаралық жобаны "AzerTelecom" компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылады.
Сонымен қатар биыл ауылдарды одан әрі интернетпен қамтамасыз ету, Қазақстан абоненттерін ескірген ADSL желілерінен оптикаға көшіру, көпқабатты тұрғын үйлерді GPON технологиясы арқылы жылдамдығы жоғары интернетке қосу секілді жобалар іске асырылады.
Мемлекет басшысы қалалар мен ауылдық жерлердегі телекоммуникация желілерін одан әрі дамыту, сондай-ақ Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыру үшін халықаралық деректер трафигінде желілік инфрақұрылымды өркендету жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласының әкімін қабылдады - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.02.2023
"100 процент қамтамасыз етіледі": Шымкент қаласының әкімі президентке уәде берді
Жаңалықтар
0