Экономика

Қазақстан Германияға экспорттауға арналған мұнайды тасымалдай бастады – "ҚазТрансОйл"

© РИА Новости / Медиабанкке өтуМұнай
Мұнай  - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.02.2023
Жазылу
АСТАНА, 23 ақпан – Sputnik. Қазақстан Германияға экспортқа арналған мұнайды тасымалдай бастады, деп хабарлады бейсенбі күні "ҚазТрансОйл" ұлттық компаниясы.

"Бүгін, 23 ақпанда "ҚазТрансОйл" АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі Германияға тасымалдау үшін қазақстандық мұнайды қабылдау басталды", - деп жазылған "ҚазТрансОйл" АҚ қоғаммен байланыс департаментінің директоры Шыңғыс Ілиясовтың мәлімдемесінде.

Қазақстанның энергетика министрлігі бекіткен жеткізулер кестесіне сәйкес, "ҚазТрансОйл" ақпан айында "Дружба" құбыры арқылы 20 мың тонна қазақстандық мұнайды одан әрі Германияға жеткізу үшін "Адамова застава" мұнай жеткізу пунктіне тасымалдайды, деп хабарлады ұлттық компаниядағылар.
Германия үкіметі 2022 жылдың қыркүйегінде Шведт қаласындағы мұнай өңдеу зауытына қосымша мұнай жеткізу және Ресейден келетін мұнайды ауыстыру үшін "Дружба" құбырымен тасымалдау арқылы мұнай сатып алу туралы Қазақстанмен келіссөз жүргізетінін мәлімдеді.
Қазір Қазақстан "Дружба" құбыры арқылы транзитті пайдаланып, Усть-Луга порты бағытында жылына шамамен 10 миллион тонна мұнай жөнелтеді.
29 желтоқсанда "Транснефть" 2023 жылы Германияға транзиттік 1,2 миллион тонна көлеміндегі мұнай жеткізу бойынша "Дружба" мұнай құбырының қосымша қуатының қорына "Қазтрансойл" компаниясынан өтінім алғанын хабарлады.
Бұл ақпаратты кейіннен Қазақстандағы компанияның өзі де растады. Мұның ішіндегі 300 мың тонна мұнай бірінші тоқсанда айдалады деп жоспарланғаны нақтыланды.
Энергетика министрлігі хабарлағандай, Қазақстан алғашқы 20 мың тонна мұнайды "Дружба" мұнай құбыры арқылы Германия бағытына 2023 жылдың қаңтарында жөнелтуді жоспарлаған. Бірақ кейіннен мерзім ақпанның бірінші жартысына ауыстырылды.
Мұнай - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.02.2023
Қазақстан наурызда Германия мұнай өңдеу зауыттарына 100 мың тонна мұнай жеткізгісі келеді
Жаңалықтар
0