https://sputnik.kz/20230223/petropavl-koktaygaq-oqushylar-ekinshi-kun-mektep-32385195.html
Петропавлда көктайғаққа байланысты оқушылар екінші күн мектепке бара алмай отыр
Петропавлда көктайғаққа байланысты оқушылар екінші күн мектепке бара алмай отыр
АСТАНА, 23 ақпан – Sputnik. Петропавлда қатты көктайғаққа байланысты мектеп оқушылары екінші күн қатарынан қашықтан оқып жатыр, деп хабарлайды Sputnik... 23.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-23T09:28+0600
2023-02-23T09:28+0600
2023-02-23T09:29+0600
өңірлер
петропавл
мектеп
/html/head/meta[@name='og:title']/@content
/html/head/meta[@name='og:description']/@content
https://sputnik.kz/img/07e7/02/17/32381346_0:96:1024:672_1920x0_80_0_0_6c22eeb17773cbab8c305af7266ceffe.jpg
АСТАНА, 23 ақпан – Sputnik. Петропавлда қатты көктайғаққа байланысты мектеп оқушылары екінші күн қатарынан қашықтан оқып жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан."23 ақпанда ауа райына байланысты қала мектептерінде бірінші және екінші ауысым қашықтан оқиды", - деп мәлімдеді әкімдіктегілер.Кеше күн күрт жылып, жаңбыр жауғаннан кейін Петропавл көшелері көк мұзға айналған еді. Осыған байланысты апаттың алдын алу үшін қоғамдық көліктердің жұмысын уақытша тоқтатуға тура келді. Тұрғындардың көбі аялдамаларда автобус күтіп тұрып қалды, ал таксистер өз қызметі үшін 3-5 мың теңге сұраған."Бүгін түнде жаңбыр жауды, жауын-шашын таңғы бес кезінде тоқтады. Техника көктайғаққа қарсы жұмысқа дайын болды, олар таңғы бестен жұмсықа шықты. Жаңбыр жауып тұрғандықтан, себу жұмыстарын ерте бастау мүмкін болмады, себебі жауын-шашын реагенттің әсерін төмендетеді. Сондықтан жаңбыр тоқтағаннан кейін бір-ақ кірістік. Жолдар мен тротуарларға құм-тұз қоспасы, ал аялдамаларда мұзды ерітіп жіберетін эко реагент себіліп жатыр", - деді қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.Айта кетері, қалада кеше күні бойы бірде жаңбыр, бірде қар жауған. Қар еріп, көшелер лай-батпаққа айналып, жұртты әбігерге салды. Техника жұмыс істеп жатыр, көктайғаққа қарсы жұмыстар жалғасуда.Көктайғақ салдарынан қалада жеті жол апаты тіркелген, зардап шеккендер жоқ.Бұдан бөлек, Көпбейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасының травматология пунктіне бір күнде 58 пациент жүгінген. Көбінің аяқ-қолдары сынып, түрлі жарақат алған.
петропавл
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/02/17/32381346_0:0:1024:768_1920x0_80_0_0_3062b077b1e71f1dc212f38589fb347e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
петропавл, мектеп
АСТАНА, 23 ақпан – Sputnik. Петропавлда қатты көктайғаққа байланысты мектеп оқушылары екінші күн қатарынан қашықтан оқып жатыр, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. "23 ақпанда ауа райына байланысты қала мектептерінде бірінші және екінші ауысым қашықтан оқиды", - деп мәлімдеді әкімдіктегілер.
Кеше күн күрт жылып, жаңбыр жауғаннан кейін Петропавл көшелері көк мұзға айналған еді. Осыған байланысты апаттың алдын алу үшін қоғамдық көліктердің жұмысын уақытша тоқтатуға тура келді. Тұрғындардың көбі аялдамаларда автобус күтіп тұрып қалды, ал таксистер өз қызметі үшін 3-5 мың теңге сұраған.
"Бүгін түнде жаңбыр жауды, жауын-шашын таңғы бес кезінде тоқтады. Техника көктайғаққа қарсы жұмысқа дайын болды, олар таңғы бестен жұмсықа шықты. Жаңбыр жауып тұрғандықтан, себу жұмыстарын ерте бастау мүмкін болмады, себебі жауын-шашын реагенттің әсерін төмендетеді. Сондықтан жаңбыр тоқтағаннан кейін бір-ақ кірістік. Жолдар мен тротуарларға құм-тұз қоспасы, ал аялдамаларда мұзды ерітіп жіберетін эко реагент себіліп жатыр", - деді қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Айта кетері, қалада кеше күні бойы бірде жаңбыр, бірде қар жауған. Қар еріп, көшелер лай-батпаққа айналып, жұртты әбігерге салды. Техника жұмыс істеп жатыр, көктайғаққа қарсы жұмыстар жалғасуда.
Көктайғақ салдарынан қалада жеті жол апаты тіркелген, зардап шеккендер жоқ.
Бұдан бөлек, Көпбейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасының травматология пунктіне бір күнде 58 пациент жүгінген. Көбінің аяқ-қолдары сынып, түрлі жарақат алған.