Қоғам

Қазақстанның авиация комитеті "Air Arabia" әуе компаниясын жауапқа тартты

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.02.2023
Жазылу
Араб әуе компаниясы 690 мың теңге айыппұл төлейді
АСТАНА, 23 ақпан – Sputnik. Қазақстанның Азаматтық авиация комитеті жолаушыларға қызмет көрсету талаптарын бұзғаны үшін "Air Arabia" әуе компаниясын әкімшілік жауапқа тартты.
Комитеттің ақпаратынша, "Air Arabia" компаниясы Алматы – Шарджа бағыты бойынша рейс кешіктірілген кезде жолаушыларға алкогольсіз сусын беруден бас тартқан. Осылайша Қазақстанның қолданыстағы заңнамасында көрсетілген жолаушыларға қызмет көрсету талаптарын бұзған.
"Осыған байланысты 13 ақпанда "Air Arabia" әуе компаниясы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 567-бабын бұзғаны үшін 200 АЕК (690 мың теңге) мөлшерінде айыппұл төлеу түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - делінген хабарламада.
Азаматтық авиация комитеті қазақстандық және шетелдік әуе тасымалдаушыларын рейс кешіккен жағдайда жолаушыларға қызмет көрсету талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту бойынша жұмыс жалғасатынын атап өтті.
Воздушное судно А321LR авиакомпании Air Astana  - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.02.2023
Алматыдан Чэндуға тікелей әуе рейсі ашылады
Жаңалықтар
0