Қоғам

Астанада пәтер жөндеймін деп 5,8 млн теңгені қалтасына басқан алаяқ сотталды

CC0 / / Архивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.02.2023
Жазылу
Күдікті пәтер иелерін хабарландыру арқылы тапқан
АСТАНА, 23 ақпан – Sputnik. Астанада пәтер иелеріне 6 млн теңгеге жуық материалдық шығын келтірген алаяқ төрт жылға бас бостандығынан айырылды.
Қалалық соттың ақпаратынша, сотталушы жәбірленушілерді хабарландыру арқылы тауып, пәтер жөндейтінін айтқан. Үйлеріне барып, өлшем жүргізіп, жәбірленушілерге өз қызметіне қанша алатынын хабарлаған. Пәтер иелері сотталушы берген үшінші адамдардың картасына жөндеу мен материалдар сатып алуға ақша аударған.
Ер адамның қылмыстық әрекетінен 5 жәбірленушіге 5,8 млн теңгеден астам материалдық шығын келді.
Есіл аудандық соты айыпталушыны алаяқтығы үшін 4 жылға бас бостандығынан айырды. Жәбірленушілердің мүлік шығынын өтеу туралы азаматтық талап-арыздары да толық қанағаттандырылды.
Сотталған ер адам үкімге шағым түсіріп, бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындауды сұраған.
Алайда сот алқасы оның бұрын сотталғанын және жәбірленушілерге материалдық шығынды өтемегенін ескеріп, үкімді өзгеріссіз қалдырды.
Сот үкімі күшіне енді.
Жаңалықтар
0