https://sputnik.kz/20230223/almatyda-zher-silkinisi-kezinde-komek-korsetetin-punktter-ashylady--tzhd-32401691.html
Алматыда жер сілкінісі кезінде көмек көрсететін пункттер ашылады – ТЖД
Алматыда жер сілкінісі кезінде көмек көрсететін пункттер ашылады – ТЖД
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 23 ақпан – Sputnik. Алматыда жойқын жер сілкінісі кезінде баспанасыз қалған халықты қабылдайтын 384 пункт ашылады, деп хабарлады қалалық төтенше... 23.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-23T21:50+0500
2023-02-23T21:50+0500
2023-02-23T21:50+0500
төтенше жағдай
https://sputnik.kz/img/07e7/02/17/32395435_0:25:2730:1561_1920x0_80_0_0_a47d8f54666e63fae03decd3faa7dcc6.jpg
АСТАНА, 23 ақпан – Sputnik. Алматыда жойқын жер сілкінісі кезінде баспанасыз қалған халықты қабылдайтын 384 пункт ашылады, деп хабарлады қалалық төтенше жағдайлар департаменті.Бұл уақытша пункттер жинау, тіркеу, уақытша орналастыру, зардап шеккендерді қажетті заттармен (су, тамақ, азық-түлік) қамтамасыз ету, көлікке отырғызу және қауіпсіз аймақтарға эвакуациялау қызметін атқарады.Бұл пункттердің қай жерде орналасқанын әкімдік пен ТЖД сайттарынан, сондай-ақ мобильді қосымша-картадан "зардап шеккен халықтың пункттері" деп жазып, табуға болады.Қалалық төтенше жағдайлар департаменті QR-коды бар тақтайшалар әзірлеген. Бұл тақтайшалар қаладағы барлық тұрғын үйдің қасбетіне орналастырылады. Кодты сканерлеу арқылы жақын жерде орналасқан пункттер мен эвакуация жолдарының бағытын анықтауға болады.Бірінші жарты жылдықта QR-кодты тақтайша Алматының 10 мың ғимаратында орнластырылады, дейді ведомство.Алматыда сейсмикалық жаттығулар үнемі өткізіліп тұрады. 3,5 мыңнан астам ұйымда зілзала кезінде қорғану оқу-жаттығуы өткізілді, жалпы қалалық сейсмикалық тексеруге 600-ден астам нысан мен 760 мың Алматы тұрғыны қатысты."Қала тұрғындарын хабардар ету үшін 843 сирена мен сирено-сөйлеу қондырғылары жұмыс істейді. Сонымен қатар хабарландыруға 671 телеарна мен 24 "медиа сервер"радиоарнасы қатысады. Жойқын жер сілкінісі жағдайында 13 371 адамнан тұратын күш пен құралдардың арнайы тобы мен әртүрлі мақсаттағы 4 060 техника қарастырылған", - деп хабарлады департамент.Алматыда ауқымды жер сілкінісін жоюға еліміздің 16 өңірінің және 5 орталық мемлекеттік органның күштері мен құрылымдары қосымша жұмылдырылады, деп толықтырды ведомство.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/02/17/32395435_272:108:2730:1951_1920x0_80_0_0_78fced84a423777db3f6d5704464ed4f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
төтенше жағдай
АСТАНА, 23 ақпан – Sputnik. Алматыда жойқын жер сілкінісі кезінде баспанасыз қалған халықты қабылдайтын 384 пункт ашылады, деп хабарлады қалалық төтенше жағдайлар департаменті.
Бұл уақытша пункттер жинау, тіркеу, уақытша орналастыру, зардап шеккендерді қажетті заттармен (су, тамақ, азық-түлік) қамтамасыз ету, көлікке отырғызу және қауіпсіз аймақтарға эвакуациялау қызметін атқарады.
Бұл пункттердің қай жерде орналасқанын әкімдік пен ТЖД сайттарынан, сондай-ақ мобильді қосымша-картадан "зардап шеккен халықтың пункттері" деп жазып, табуға болады.
Қалалық төтенше жағдайлар департаменті QR-коды бар тақтайшалар әзірлеген. Бұл тақтайшалар қаладағы барлық тұрғын үйдің қасбетіне орналастырылады. Кодты сканерлеу арқылы жақын жерде орналасқан пункттер мен эвакуация жолдарының бағытын анықтауға болады.
Бірінші жарты жылдықта QR-кодты тақтайша Алматының 10 мың ғимаратында орнластырылады, дейді ведомство.
Алматыда сейсмикалық жаттығулар үнемі өткізіліп тұрады. 3,5 мыңнан астам ұйымда зілзала кезінде қорғану оқу-жаттығуы өткізілді, жалпы қалалық сейсмикалық тексеруге 600-ден астам нысан мен 760 мың Алматы тұрғыны қатысты.
"Қала тұрғындарын хабардар ету үшін 843 сирена мен сирено-сөйлеу қондырғылары жұмыс істейді. Сонымен қатар хабарландыруға 671 телеарна мен 24 "медиа сервер"радиоарнасы қатысады. Жойқын жер сілкінісі жағдайында 13 371 адамнан тұратын күш пен құралдардың арнайы тобы мен әртүрлі мақсаттағы 4 060 техника қарастырылған", - деп хабарлады департамент.
Алматыда ауқымды жер сілкінісін жоюға еліміздің 16 өңірінің және 5 орталық мемлекеттік органның күштері мен құрылымдары қосымша жұмылдырылады, деп толықтырды ведомство.