https://sputnik.kz/20230222/sqo-da-er-adam-bir-qorap-temeki-urlagany-ushin-300-sagat-qar-tazalaydy-32334916.html
СҚО-да ер адам бір қорап темекі ұрлағаны үшін 300 сағат қар тазалайды
СҚО-да ер адам бір қорап темекі ұрлағаны үшін 300 сағат қар тазалайды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 22 ақпан - Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында ауыл тұрғыны бір қорап темекі ұрлағаны үшін 300 сағат қар тазалайтын болды, сот бұл қылмысты тонау... 22.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-22T10:21+0500
2023-02-22T10:21+0500
2023-02-22T10:21+0500
өңірлер
солтүстік қазақстан облысы
ер адам
темекі
қар
https://sputnik.kz/img/481/29/4812989_0:167:1920:1247_1920x0_80_0_0_66aa31ba1c218c469fbe81eb9caa57bf.jpg
АСТАНА, 22 ақпан - Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында ауыл тұрғыны бір қорап темекі ұрлағаны үшін 300 сағат қар тазалайтын болды, сот бұл қылмысты тонау санатына жатқызды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Демалыс күні Петропавлда досының үйінде қонақта болған кезде қатты мас болған ер адам дүкенге барған. Сатушыдан бір қорап темекі сұрап, ақша төлеуден бас тартқан. Кейін ер адам мас болғанын айтып, ақталмақ болды.Облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің Қызылжар ауданы бойынша пробация қызметінің бөлімі түсініктеме берді. Ер адам Қылмыстық кодекстің 191-бабының 1-бөлігімен сараланатын қарақшылық шабуыл түріндегі орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған, яғни бөтеннің мүлкін ашық ұрлауға барған. "Қылмыстық-атқарушылық кодекстің 57-бабына сәйкес, Қызылжар ауданының тұрғыны жасаған қылмысы үшін қоғамдық жұмыстарға тартылды. Сот үкімімен ол 300 сағат қоғамдық жұмысқа тартылып, пробация қызметінің есебіне алынды. Ауылдық округ әкімдігінің маманы белгілеген жұмыс жоспарына сәйкес, сотталған азамат қоғамдық жұмыстарды атқару кезінде ауыл аумағын абаттандыру және қыс мезгілінде қар тазалаумен айналысады", - деді облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаменті. Сонымен қатар, ер адам пробация бөлімінде есепке алынды. Мамандар сотталушының жеке басын, оның мінез-құлқын, қылмыс жасауға ықпал ететін тұрмыстық және отбасылық мәселелерін зерттеді. Ер адаммен оны түзеу, қайталануы мүмкін қылмыстардың алдын алу және қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны өтеу тәртібін сақтауға бағытталған сұхбат жүргізілді.
солтүстік қазақстан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/481/29/4812989_163:0:1870:1280_1920x0_80_0_0_2bb4b1f7212fd1a6fb0575f589b47fd0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
солтүстік қазақстан облысы, ер адам, темекі, қар
солтүстік қазақстан облысы, ер адам, темекі, қар
АСТАНА, 22 ақпан - Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында ауыл тұрғыны бір қорап темекі ұрлағаны үшін 300 сағат қар тазалайтын болды, сот бұл қылмысты тонау санатына жатқызды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Демалыс күні Петропавлда досының үйінде қонақта болған кезде қатты мас болған ер адам дүкенге барған. Сатушыдан бір қорап темекі сұрап, ақша төлеуден бас тартқан. Кейін ер адам мас болғанын айтып, ақталмақ болды.
Облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің Қызылжар ауданы бойынша пробация қызметінің бөлімі түсініктеме берді. Ер адам Қылмыстық кодекстің 191-бабының 1-бөлігімен сараланатын қарақшылық шабуыл түріндегі орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған, яғни бөтеннің мүлкін ашық ұрлауға барған.
"Қылмыстық-атқарушылық кодекстің 57-бабына сәйкес, Қызылжар ауданының тұрғыны жасаған қылмысы үшін қоғамдық жұмыстарға тартылды. Сот үкімімен ол 300 сағат қоғамдық жұмысқа тартылып, пробация қызметінің есебіне алынды. Ауылдық округ әкімдігінің маманы белгілеген жұмыс жоспарына сәйкес, сотталған азамат қоғамдық жұмыстарды атқару кезінде ауыл аумағын абаттандыру және қыс мезгілінде қар тазалаумен айналысады", - деді облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаменті.
Сонымен қатар, ер адам пробация бөлімінде есепке алынды. Мамандар сотталушының жеке басын, оның мінез-құлқын, қылмыс жасауға ықпал ететін тұрмыстық және отбасылық мәселелерін зерттеді.
Ер адаммен оны түзеу, қайталануы мүмкін қылмыстардың алдын алу және қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны өтеу тәртібін сақтауға бағытталған сұхбат жүргізілді.