https://sputnik.kz/20230222/reseylik-ayelder-qos-azamattyg-ayyppul-32357956.html
Қос азаматтығы бар ресейлік әйелдерге 1,3 млн теңге айыппұл салынды
Қос азаматтығы бар ресейлік әйелдерге 1,3 млн теңге айыппұл салынды
Заң бұзғандар Қарағанды әуежайында ұсталған 22.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-22T15:43+0600
2023-02-22T15:43+0600
2023-02-22T15:43+0600
өңірлер
қос азаматтық
/html/head/meta[@name='og:title']/@content
/html/head/meta[@name='og:description']/@content
https://sputnik.kz/img/983/68/9836877_83:0:2183:1181_1920x0_80_0_0_02e8d13c241a269e5bf72ba777800f48.jpg
АСТАНА, 22 ақпан – Sputnik. Үш ресейлік әйелге қос азаматтығы үшін 1,3 млн теңгеге жуық айыппұл салынды, деп хабарлайды Polisia.kz.Қарағанды – Сұрыптау станциясындағы желілік полиция бөлімі көші-қон бөлімшесінің қызметкерлері шекара қызметімен бірлесіп қала әуежайында профилактикалық шаралар жүргізу кезінде 26, 45 және 51 жастағы әйелдерді анықтап, ұстады.Тексеріс барысында ұсталғандардың (Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының) қос азаматтығы бары анықталды.Көлік полицейлері құқық бұзушыларға қатысты ӘҚБтК-нің 496-бабы 2-бөлігі (Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде шетел азаматтығын алу фактісін хабарламау) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырды.Қарағанды қаласы Қазбек би аудандық сотының шешімімен Ресей азаматтарының әрқайсысына 429 мың теңгеге жуық әкімшілік айыппұл салынды.Айта кетері, Көліктегі полиция департаментінің қызмет көрсету аумағында "Мигрант" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Ол 28 ақпанға дейін жалғасады.Шара барысында көлік полицейлері 29 шетелдік азаматты әкімшілік жауапқа тартты. Сондай-ақ сот қаулысымен 4 шетелдік елден шығарылды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/983/68/9836877_526:0:2101:1181_1920x0_80_0_0_46e1977dbc312939ab27632d5b6919ef.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
қос азаматтық
Қос азаматтығы бар ресейлік әйелдерге 1,3 млн теңге айыппұл салынды
Заң бұзғандар Қарағанды әуежайында ұсталған
АСТАНА, 22 ақпан – Sputnik. Үш ресейлік әйелге қос азаматтығы үшін 1,3 млн теңгеге жуық айыппұл салынды, деп хабарлайды
Polisia.kz. Қарағанды – Сұрыптау станциясындағы желілік полиция бөлімі көші-қон бөлімшесінің қызметкерлері шекара қызметімен бірлесіп қала әуежайында профилактикалық шаралар жүргізу кезінде 26, 45 және 51 жастағы әйелдерді анықтап, ұстады.
Тексеріс барысында ұсталғандардың (Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының) қос азаматтығы бары анықталды.
Көлік полицейлері құқық бұзушыларға қатысты ӘҚБтК-нің 496-бабы 2-бөлігі (Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде шетел азаматтығын алу фактісін хабарламау) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырды.
Қарағанды қаласы Қазбек би аудандық сотының шешімімен Ресей азаматтарының әрқайсысына 429 мың теңгеге жуық әкімшілік айыппұл салынды.
Айта кетері, Көліктегі полиция департаментінің қызмет көрсету аумағында "Мигрант" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Ол 28 ақпанға дейін жалғасады.
Шара барысында көлік полицейлері 29 шетелдік азаматты әкімшілік жауапқа тартты. Сондай-ақ сот қаулысымен 4 шетелдік елден шығарылды.