https://sputnik.kz/20230222/qazaqstanda-gazga-qosylu-quny-tomendeui-mumkin-32341866.html
Газға қосылу құны төмендеуі мүмкін - Ақшолақов
Газға қосылу құны төмендеуі мүмкін - Ақшолақов
АСТАНА, 22 ақпан – Sputnik. Қазақстанда газға қосылу құнын төмендету жолдары қарастырылып жатыр. Бұл туралы энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлімдеді, деп... 22.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-22T13:00+0600
2023-02-22T13:00+0600
2023-02-22T13:01+0600
экономика
қазақстан
газ
/html/head/meta[@name='og:title']/@content
/html/head/meta[@name='og:description']/@content
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0a/15703845_1:0:3000:1687_1920x0_80_0_0_7ac855a0413b0f5624bece94b22a2148.jpg
АСТАНА, 22 ақпан – Sputnik. Қазақстанда газға қосылу құнын төмендету жолдары қарастырылып жатыр. Бұл туралы энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Оның айтуынша, қазір бағаны төмендету бағытында жұмыстар жүріп жатыр. "Шынымен, бізде газға қосылу құны жоғары. Қазір мұны шешудің жолдарын іздеп жатырмыз. Өңір әкімдіктері мен "Qazaqgaz" бірлесіп бағасын түсіру үшін жұмыстар жүргізіп жатыр. Бүгін үкімет отырысында Алматы облысының әкімі қосылу құны екі есе төмендетілгенін айтты. Осындай жұмыстарды әр өңірде атқаруымыз керек", - деді Ақшолақов үкімет кулуарында. Ол газға қосылу құны қаншаға төмендейтінін айта алмады. Бәрі жабдықтардың құнына байланысты дейді. "Газға қосылу үшін пайдаланылатын жабдықтардың бірнеше типі бар. Мысалы, үйге құбыр тарту керек, одан кейін есептеу жүйесі, газды пайдаланатын және бөлетін қазандық керек. Сол себепті жабдықтың құнына қарау қажет. Өкінішке қарай, бізде ол жабдықтар шығарылмайды. Біз оны сырттан тасимыз. Ауқымды газдандыруға көшсек, осы материалдардың өндірісін қалай жолға қоятынымызды ойластыру керек", - деді Ақшолақов. Бұған дейін министр еліміздің шығыс өңірлерін газдандыру үшін Ресейден газ импортталуы мүмкін екенін мәлімдеген еді.
https://sputnik.kz/20230222/qazaqstan-shygystagy-onirler-resey-gaz-import-32337656.html
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0a/15703845_376:0:2625:1687_1920x0_80_0_0_240136b05bbed44cc4a7c66dbffffccf.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
қазақстан, газ
Газға қосылу құны төмендеуі мүмкін - Ақшолақов
13:00 22.02.2023 (жаңартылды: 13:01 22.02.2023) АСТАНА, 22 ақпан – Sputnik. Қазақстанда газға қосылу құнын төмендету жолдары қарастырылып жатыр. Бұл туралы энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, қазір бағаны төмендету бағытында жұмыстар жүріп жатыр.
"Шынымен, бізде газға қосылу құны жоғары. Қазір мұны шешудің жолдарын іздеп жатырмыз. Өңір әкімдіктері мен "Qazaqgaz" бірлесіп бағасын түсіру үшін жұмыстар жүргізіп жатыр. Бүгін үкімет отырысында Алматы облысының әкімі қосылу құны екі есе төмендетілгенін айтты. Осындай жұмыстарды әр өңірде атқаруымыз керек", - деді Ақшолақов үкімет кулуарында.
Ол газға қосылу құны қаншаға төмендейтінін айта алмады. Бәрі жабдықтардың құнына байланысты дейді.
"Газға қосылу үшін пайдаланылатын жабдықтардың бірнеше типі бар. Мысалы, үйге құбыр тарту керек, одан кейін есептеу жүйесі, газды пайдаланатын және бөлетін қазандық керек. Сол себепті жабдықтың құнына қарау қажет. Өкінішке қарай, бізде ол жабдықтар шығарылмайды. Біз оны сырттан тасимыз. Ауқымды газдандыруға көшсек, осы материалдардың өндірісін қалай жолға қоятынымызды ойластыру керек", - деді Ақшолақов.
Бұған дейін министр еліміздің шығыс өңірлерін газдандыру үшін Ресейден газ импортталуы мүмкін екенін мәлімдеген еді.